Димаш Құдайберген ақтөбелік және нұрсұлтандық 102 отбасыға 5 тонна азық-түлік жіберген. Ертеңнен бастап ақтөбелік 50 отбасыға таратылады деп хабарлайды City04.kz тілшісі.
Ақтөбелік және нұрсұлтандық 102 отбасыға азық-түлік жиынтықтары дайындалған.
Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы отбасыларға азық-түлік толығымен жеткізілген. Қазіргі таңда ақтөбелік отбасыларға таратылатын азық-түлік дайын және де ертеңнен бастап ақтөбеліктерге таратылатын болады.
Білуімізше, азық-түлікті тарату үшін "Жас Отан" Жастар қанатының еріктілері атсалысуда.
Сонымен қатар бұған дейін, Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына бейне жазып, казақстандықтарды коронавирус пандемиясы кезінде үйлерінде қалуға шақырған болатын. Сонымен қатар, ол бұл бейнені үйінде отырып жазып отырғанын атап өтті.