Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы @coronavirus2020_kz сайты мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде жалпы коронавирус жұқтырған 569 науқас тіркелді. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 42, қайтыс болғандар саны – 6.