Бұл оның екі жылдық жаза мерзімінен кейін алғаш рет ресми жарысқа қатысуы30 жастағы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Азия чемпионатына қатысып, жүлделі орыннан көріне алмады.
Бұл оның екі жылдық жаза мерзімінен кейін алғаш рет ресми жарысқа қатысуы.
96 келі салмақта алтынды қытай спортшысы Тао Тиан алса (401 келі), ирандық Сейедайыоба Мусавижарахи күмісті қанағат тұтты (373). Ал қола жүлдені оңтүстік кореялық Чжун Хун Хан еншіледі (366). Екі жаттығудың қорытындысы бойынша 345 келі көтерген Илья бесінші орынмен шектелді.
Жұлқа көтеруде ол үш мүмкіндігінің екеуін ғана пайдаланса, серпе көтеруде бір рет ғана зілтемірді көтеруге шешім қабылдады. Қалған екі мүмкіндігіне шыққан жоқ. Бұған дейін тек Арли Чонтей (55 келі) мен Денис Уланов (81 келі) ғана қола жүлде алған болатын.
Ал бұған дейін халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген Зұлфия Чиншанло, Карина Горичевалар медальға таласа алмады. Нижат Рахимов пен Жазира Жаппарқұл жарақаттарына байланысты аламанға қатысқан жоқ.
Бұған дейін Ильяның өзі алдағы Азия чемпионатынан қатты үміт күтпейтінін жасырмаған еді.
Абай Қазбекұлы