"Манчестер Юнайтедтің" аңыз ойыншысы карьерасын аяқтады (видео)
"Манчестер Юнайтедтің" аңыз ойыншысы карьерасын аяқтады (видео)
412
оқылды

Ол Ирландия құрамасында ойнаған

Футболдан Ирландия құрамасы мен «Манчестер Юнайтедтің» аңыз ойыншысы Джон О'Ши сейсенбі күні футболшылық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы футболшының қазіргі клубы «Рединг» Твиттердегі парақшасында жазды. 30 сәуірде футболшы 38 жасқа толды. Ол өз карьерасында «Манчестер Юнайтед», «Борнмут», «Антверпен», «Сандерленд» және «Рединг» клубтарында ойнаған.

Ирландия құрамасы сапында 118 матчқа қатысып, 3 гол соққан. Ол Англия премьер-лигасының 5 дүркін чемпионы, Англия кубогының, лига кубогының және Англия Суперкубогының иегері. Сондай-ақ Чемпиондар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында да топ жарған.

https://youtu.be/7L0vcZchc40

Ол футболшылық мансабының жарқын кезеңдерін «МЮ»-де өткізіп (1999-2011) бес мәрте АПЛ-ды, Англия кубогы мен лига кубогын және Суперкубокты жеңіп алды. 2008 жылы клубпен бірге Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.