Алматы маңында әскери-далалық госпиталь ашылды, – деп жазады 24.kz. Госпиталь бар-жоғы 72 сағатта тұрғызылған.
Мекеме 100 төсек-орынға арналған. Онда қабылдау және диагностикалық бөлімшелер, дәріхана, операциялық блок пен жансақтау бөлімшесі бар. Сондай-ақ рентгендік тексеру, өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарымен жабдықталған.
Жылыту жүйесі және кондиционермен жабдықталған. Дәретхана мен жуыну бөлмелері де қарастырылған. Ал госпиталь жанында 300 орындық екі ғимарат та дайын тұр. Оған қоса 500 орындық шатырлы лагерь ашылған. Олар карантин кезеңінде пайдаланылады.