Психоаналитик Анна Құдиярова халыққа психологиялық көмек көрсетпек. Kazinform-ның жазуынша, коронавирус пандемиясы кезіндегі оқшаулану уақыты отбасы мүшелерінің арасында жанжал туындауы мүмкін.
Психологтың айтуынша, карантин талабын сақтап үйде отырған адамдар күйзеліске түсе бастаған.
Ол «Бұл келіспеушіліктен қалай айналып өтуге болады? Карантин уақытында немен айналысуға мүмкіндік бар? Отбасылық жанжалға жол бермей, карантин уақытын тиімді пайдаланудың жолдары қандай? Керісінше, адам үйде жалғыз қалған кезде уақытты қалай өткізуге болады?» деген сауалдар төңірегінде кеңес айтады.
Психоаналитик Анна Құдиярова сенбі күні, сағат 12.00-де Kazinform Instagram-аккаунтында тікелей эфирге шығып, тілшілер мен оқырманның сұрағына жауап беруді жоспарлап отыр.