Ақтөбе облысында коронавирустан жазылып шыққан науқас Испаниядан келген
Ақтөбе облысында коронавирустан жазылып шыққан науқас Испаниядан келген
Фото: Интернеттен алынды
142
оқылды
Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас ауруханаға 22 наурыз күні сағат 06.05-те келіп түскен. Испания арқылы транзитпен ұшып келген. Зертханалық талдаулар вирус бар екенін дәлелденген. Вирусқа қарсы, симптоматикалық ем жүргізілді. 15-ші тәуліктерде КВИ-ға талдау алынды. Нәтижелері теріс болды. 7 сәуірде ауруханадан шығарылды. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық дейді дәрігерлер. Дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде 14 күн болады.