Мекеме басшылары есеп берді
Мекеме басшылары  есеп берді
403
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру бойынша Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалында қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысы талқыланды. Мәжіліске кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мақсатында Шымкент қаласы бойынша жол картасы әзірленіп, бекітілген болатын. Осы жоспардың орындалуы туралы мемле­кеттік мекеме басшылары партия­лықтарға есеп берді. Ұлттық банктің Оңтүстік аймақтық филиа­лы директоры Әнуар Ботанбеков «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша Ұлттық банк тарапы­нан атқарылған жұмыстар туралы баяндады. – Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 450 өтініш қабылданып, соның 239-ы мақұлданды. Біздің серіктес банк­теріміз ар­қылы 2,5 млрд теңгеге несие бе­рілді. Бұл деге­німіз – Шымкент респуб­ликалық қалалық мәр­тебе алғаннан кейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларымен салыс­тырғанда төмен көрсеткіш. Осы тараптар төңірегінде біраз жұмыс жаса­лады. Қаланың экономикасы, халықтың әл-ауқаты өседі. Біз әлі үлкен көрсеткішке қол жеткіземіз. Өйт­ке­ні бұл бағдарламаның шек­теуі жоқ. Сон­дай-ақ қазіргі таңда халықтың тұрғын үйге сұранысы көп. Жыл соңына дейін бірнеше мың пәтер салынады. Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жеке кәсіпкер­лер­дің қолдауымен және BI GROUP ком­па­ниясымен де тұрғын үй кешені салынып жа­тыр. Бұның өзі де «7 – 20 – 25» бағдарламасы арқылы сатылады, – деді филиал директоры. Шымкент қаласындағы 10 жоғары оқу орындары мен 29 колледжде 106 636 студент білім алуда. Оның ішінде 6 614 студент жатақ­ханамен қамтылды, ал 8 050 орынға қажеттік туындап отыр. Үшінші мегаполис студенттері­нің жағдайын жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар легін баяндаған білім басқармасы бас­шысының міндетін атқарушы Айгүл Теке­баева баяндамасынан нақты мысалдар келтірді. – Қазіргі таңда қаламызда жатақхана ор­ны­ның қажеттігін жою бойынша бірқатар жұмыс­тар атқарылуда. Атап айтатын болсақ, әкімдік тарапынан «Тұран» шағынауданынан 8 гектар жер телімі белгіленіп, Shymkent әлеу­меттік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ ин­вестициясы есебінен 5 000 орынды жатақ­хана салу үшін жер рәсімделді. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер арқылы 200 және 350 орын­ды жа­тақхана салу үшін «Қаржы орталығы» ак­цио­­нерлік қоғамымен келісімшарт түзілді. Қа­зіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізілу­де, – деді ол. Мәжіліс барысында қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нүркен Бигулиев шағын несие беруді кө­бейту жөнінде айтса, Энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Аманқұлов елді газбен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Партиялықтар атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық баға беріп, ақпараттық жұ­мыстарды күшейту бойынша ұсыныстарын айтты.

Әбілмансұр ЖАСАН