Індет өршіген Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасына вирусты анықтайтын бекеттер қойылады
Індет өршіген Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасына вирусты анықтайтын бекеттер қойылады
Фото: Интернеттен алынды
132
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар ұлттық сараптама орталығының бас директоры Арнұр Нұртаевтың айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирусқа сараптама алатын қоршаулар пайда болады. «Бүгінгі күні біздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметіміз эпидемиологиялық зерттеу, байланыста болған тұлғалардың аясын анықтау, бару және материалдар алу бөлігінде барынша тиімді жұмыс істеп жатыр. Шатыр немесе қоршау бекетін қоюдың еш қажеттігі жоқ», – деді. Оның айтуынша, жүйе бүгінгі күні аталған бекеттерді құрмастан-ақ талап етілген көлемді, үлгілерді жинауға қауқарлы. «Дегенмен, мұндай мобильді бекеттер қойғысы келіп отырған мецанаттар бар екендігін білемін. Оларға көп рақмет. Олар таяу уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында орнатылады. Себебі, осы екі қалада науқастар барынша көп тіркелген», – деді Арнұр Нұртаев. Сонымен қатар, ол Қазақстанға мұндай бекеттер көбеймейді деп үміттенетінін де айтты.