Қорқытып ақша талап еткен атыраулық деструктивті діннің фанаттары қамалды (видео)
Қорқытып ақша талап еткен атыраулық деструктивті діннің фанаттары қамалды (видео)
Фото ашық дереккөзден алынды
212
оқылды
Атырауда  деструктивті діни ағымның ұстанушылары қатарынан құрылған қылмыстық топ анықталды. Атыраулық полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүргізген шара кезінде қылмыстық топты құрықтады. Деструктивті діни ағымның ұстанушыларынан құрылған қылмыстық топ мүшелері қала аумағында азаматтардан қорқытып ақша талап етумен айналысқан. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 194 бабының 3 бөлігі «Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану» бойынша жүргізілуде деп хабарлады.

Тұрсын  Жұмабекқызы, Атырау  облысы

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Атырауда қорқытып ақша талап еткен деструктивті діннің фанаттары қамалды.

Публикация от Айқын (@aiqyn.kz)