Батыс Қазақстанда жүк тасымалдайтын Өзбекстанның 4 азаматынан коронавирус анықталды
Батыс Қазақстанда жүк тасымалдайтын Өзбекстанның 4 азаматынан коронавирус анықталды
Фото: Интернеттен алынды
168
оқылды
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 4 адам туралы ақпарат таратты. Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 2 азамат та – жүк тасымалымен айналысатын 25 және 27 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтары. Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог-мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың бірінде дене қызуы көтерілгені анықталды. Аталған азаматтар іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды. Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, аталған азаматтар провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирус жұқпасына талдау жасалды. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жеке бокстарға орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. «Ұлттық сараптама орталығы» БҚО бойынша филиалы дезинфекция орталығы мамандары дезинфекция жүргізді. Соңғы мәлімет бойынша, аймақта COVID-19 коронавирус инфекциясына шалдыққан 6 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ем алуда.