Қытайлық дәрігерлер елімізде енгізілген карантин режиміне оң бағасын берді
Қытайлық дәрігерлер елімізде енгізілген карантин режиміне оң бағасын берді
© azattyq-ruhy.kz
154
оқылды
Кеше Қытайдан Қазақстанға келген дәрігерлер журналистерге арналған брифингке қатысты. ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Халық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэннің айтуынша, COVID-19 ошағы саналатын Ухань қаласында індет алғаш тарағанда 3387 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Коронавируспен 3387 медицина қызметкерлері ауырды. Олардың 90%-ы Ухань қаласының медицина қызметкерлері. Олар вирус алғаш басталған кезде ауырды. Біз медицина қызметкерлерін өздерін дұрыс сақтауға үйретіп, профилактиканы күшейттік, материалдық құралдармен жан-жақты қамтығаннан кейін ғана дәрігерлердің қауіпті індетті жұқтыруы азайды», - деді Лу Чэнь.
Бас дәрігердің орынбасары коронавируспен күресте неге басымдық беру керектігін айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті.
«Бұл вируспен күресте ескеретін екі нәрсе бар. Біріншіден, ертерек ауруды тапқан дұрыс және онымен байланыста болған адамдардың бәрі бақылауға алынуы тиіс. Екіншіден, IgG және IgM тесті жүргізіледі. Емдеу бойынша, науқастың ауру тарихы мен жалпы жағдайына қарау керек. Науқастың температурасы мен қан сараптамасындағы лимфоциттердің көбейіп, азайғанын тексереміз. Диагнозды тестен кейін ғана айта аламыз», - деді ол.
Сапарын Нұр-Сұлтан қаласынан бастаған қытайлық мамандар елімізде енгізілген карантин режиміне оң бағасын берді.
«Біз Нұр-Сұлтанға кеше ғана келдік. Екі күн ішінде біз қаладағы жұмыстардың жақсы жүріп жатқанын байқадық. Әсіресе, карантин режимі. Бәрі жақсы деп ойлаймыз. Бұдан кейін де біз өз бағамызды беретін боламыз», - деді жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер Лу Сяобо.
Айта кететіні, Қытайдан келген дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласында 5 күн, Алматы мен Қарағанды қалаларында 5 күннен болады.