13 мың бетперде тегін таратылды
13 мың бетперде тегін таратылды
196
оқылды
Қарағанды облысында 5 373 отбасы қайырымдылық көмекпен қамтылды. Мұқтаж жандарға жалпы сомасы 16 млн теңгенің азық-түлік себеттері жеткізілді. Облыс бойынша 48 тоннаға жуық азық-түлік, санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық заттар таратылды. Волонтерлар мен кәсіпорындар 13 539 дана бетперде тігіп, халыққа тегін таратты. Қазіргі уақытта ел игі­лігі үшін 1 146 волонтер қызмет етуде. 7 сәуірден бастап Қарағанды облысында «Сарыарқа жастары» облыстық волонтерлар штабы құ­рылды. Штаб ашылғаннан бері 70-тен аса қоңырау түсті. Еріктілер тапсырыс қабылдап, қарт адам­дарға дүкеннен азық-түлік, дәрі­ханадан дәрі-дәрмек жеткізуде. Қазіргі кезде волонтер болуға ниетті адамдар «Белсенді Азамат» https://ba09.kz платформасы ар­қылы қосылуда. Волонтерлар вирустан қор­ғануға қажетті құралдармен қамта­масыз етілген. Арнайы бетперде, резеңке қолғап, антисептикалық зат­тар тұрақты түрде беріліп тұра­ды. Көмек көрсету кезінде қауіпсіз­дік шаралары міндетті түрде сақ­талады. Олар көмек алушылар­мен тікелей жанаспай жұмыс ат­қаруда. Яғни, қажетті заттарды үй­дің та­бал­дырығын аттамай табыстап кетеді. Қарағанды облысында коро­навирус індетімен күресуге ар­налған «Көмек - 2020» қорына 270 млн теңге түсті. Жарналарды YDD Corporation, QazCarbon, «Қазақмыс» корпорациясы, «Қа­ра­ғанды Энергоцентр» ЖШС, Құ­рылыс және жол компаниялары және басқа да кәсіпорындардың еңбек ұжымдары жасады. Біркүндік жалақыны облыстың мемлекеттік қызметшілері де аударды. Қорға түскен қаражаттың басым бөлігі Тауарлар мен қызметтердің са­пасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен Денсаулық сақ­тау басқармасына берілді. Олар 104 млн теңгеге дезинфекция үшін жабдық, дәрі-дәрмек, сондай-ақ дәрігерлер үшін жеке қорғану құ­ралдарын сатып алды. СЭҚ үшін 254 аспалы бүріккіш алынды. Оның 56 данасы Қарағандыда пай­даланылуда. Қалғандары аймақтар бойынша бөлінеді. Қарағанды облысында 9 сәуір­де тағы екі адамда COVID-19 анық­­­­талды. Олардың барлығы бұ­­рын ко­ро­навирус дертін жұқтыр­­ғандармен байланыста болған­дықтан карантиндік стационарда жа­тыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі таңда облыста 61 адамда вирус расталды. Үй карантинінде 1 594 адам, тәулік бойы 818 науқас бақылауда. Жұмысқа барлығы 690 медицина қызметкері тар­тыл­ды. Жағдай күрделенсе, қосым­ша тағы 1 125 маман, сондай-ақ әс­кери лазареттерден 6 дәрі­гер мен 12 бірлік орта медицина­лық қызметкер, балалар санаторий­лерінің жұмысын уақытша тоқ­тату есебінен 40 маман жұмыл­ды­рылатын болады. Пневмония мен ЖРВИ күдігі бар науқастарды емдеу үшін пульмонологиялық госпитальдар ашылды.    width=   Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,  Қарағанды облысы