Алматыдағы ескі велотрек қайта жөнделді
Алматыдағы ескі велотрек қайта жөнделді
511
оқылды

Алматы қаласының Орталық мәдени және демалыс саябағында жаңа велотректің ашылуы өтті. Салтанатты шараға «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Жиында Ахметжан Есімов корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті және Қордың қайырымдылық саясатының трансформациясы туралы айтты. Атап айтқанда, Қор мерейтойлық іс-шараларды және қоғамдық бірлестіктердің коммуналдық мәселелерін шешуден бас тартты. Жаңа қайырымдылық саясатының басты бағыты – әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамыту, балаларды оңалту, білім беруді дамыту және медициналық көмекті кеңейту.

– Қор спорттың және спорт инфрақұрылымының дамуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты веложолдарды қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру туралы шешім қабылдынды. Бұл жас азаматтардың және жас ұрпақтың сүйікті орны болатынына сенімдімін, мұнда болашақ чемпиондардың алғашқы қадамдары жасалады, – деді Ахметжан Есімов.

Қайта қалпына келтірудің арқасында велосипед жолы  көп функционалды болды, оның аумағында памп-трек, дерт-парт и скейт-парт  сынды спорттық аймақтар пайда болды. Сондай-ақ көрерменге арналған  сыйымдылығы 200 орындығы бар трубиналар мен жарық орнатылған. Бұнда кәсіби спортшылар да, әуескқой спортшылар да  жас ерекшеліктеріне қарамай шұғылдана алады. Алдағы уақытта жергілікті және халықаралық деңгейлерде жаппай спорттық және мәдени шаралар өткізу жоспарланып отыр. Жаңа ойын алаңы азаматтар мен жас ұрпақ үшін сүйікті орын болады. Мұнда болашақ чемпиондардың алғашқы қадамдары жасалмақ.