Альварес – Джейкобс жекпе-жегін тамашалаған Головкин мәлімдеме жасады (видео)
Альварес – Джейкобс жекпе-жегін тамашалаған Головкин мәлімдеме жасады (видео)
196
оқылды

Головкин бұрын бұл қос боксшымен де кездескен

Орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) бүгін Лас-Вегаста өткен Сауль «Канело» Альварес пен Дэниэл Джейкобс кездесуінен кейін өз болашағына қатысты мәлімдеме жасады.

Бүгін өткен кездесуде Альварес қарсыласын ұпай санымен жеңіп, IBF титулын да иеленген болатын. Осылайша, оның орта салмақтағы абсолютті чемпион атануына бір ғана қадам қалды. Енді WBO титулын иеленсе «Канело» бұл атаққа да қол жеткізбек.

Кездесудің ең қызық сәттерін мына сілтеме бойынша тамашалай аласыздар.

Головкин бұрын бұл қос боксшымен де кездескен. Джейкобсты ұпай санымен жеңсе, Альвареспен бір мәрте тең түсіп, бір рет жеңіліп қалды.

«Мен жеңілдім деп ойламаймын. Мұны істеген төрешілер. Өзімді әлдеқайда тәжірибелі спортшы санаймын. Сол сәттен бері де біршама ақылды бола түстім. Мен әрине, үшінші кездесуді қалаймын. Қазір өзгердім – жаңа команда, жаңа бапкер. Бұл менің болашағым үшін жасалған үлкен қадам. Мен боксты жақсы көремін. Жиып-терген тәжірибем өте көп, бірақ әлі де көп нәрсені үйренгенді дұрыс көремін. Өзімді 25 жастағыдай сезінемін» депті GGG.

https://youtu.be/-vJH8AI096g

Еске салсақ, кеше Геннадий Головкин көпшілікке өзінің жаңа бапкерін таныстырған болатын.