Алматының Орталық ауруханасы карантинге жабылды
Алматының Орталық ауруханасы карантинге жабылды
© Алматы әкімдігі
228
оқылды
Алматыдағы №12 Орталық қалалық клиникалық аурухана толықтай карантинге жабылды. Олар енді науқастарды қабылдамайды. Өйткені бұл жерде 37 бірдей медициналық қызметкер коронавирус инфекциясын жұқтырған. Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымованың айтуынша, бұдан былай науқастар №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіледі. Инфекция жұқтырған 37 медқызметкерлердің 47 пайызы кіші медициналық қызметкер, 28 пайызы орташа, 16 пайызы дәрігерлер, қалғаны аурухананың техникалық қызметкерлері. «Біз жақын байланыста болған 316 адамды оқшауладық. Мұның Алматыдағы ең үлкен клиника екенін ескеру керек. Мұнда 1000-нан аса қызметкер бар. 316 адам оқшауланып, бақылауға алынды» деді Алматы қаласының бас санитары. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ