Тоқаев 2020 жылға арналған негізгі міндеттерді айқындап берді
Тоқаев 2020 жылға арналған негізгі міндеттерді айқындап берді
382
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашып, 2020 жылға арналған негізгі міндеттерді айқындап берді. «Қазір біз осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, одан соң алдағы жоспарды талқылаймыз. Басты мақсат - өз әлеуетіміздің бар мүмкіндіктерін толық пайдалану», – деді Қ.Тоқаев. Ол өткен жылы жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін еске салды – экономикалық өсім 4,5% құрады. «Экономиканың негізгі салаларында өсім байқалады. Бұл көрсеткіштердің барлығы оң әсер етуі керек. Менің сайлауалды тұғырнамамда айтылған негізгі міндеттерді одан әрі дамыту қажет. Бұл елдің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға күшті серпін береді», – деді Мемлекет басшысы.