Ақтауда үшем өмірге келді
Ақтауда үшем өмірге келді
Фото: Интернеттен алынды
225
оқылды
Сәбилердің салмағы әлі 2 келіге жетпейді. Сондықтан біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болады. Қазір екі бала анасымен бірге, біреуі арнайы палатада жатыр. Ана сүтін еме бастағалы сәбилердің қимыл-қозғалысы ширап, салмақ қосып келеді. Перинаталды қызмет бөлімшесінің меңгерушісі Үміт Рашидов: «Бірінші туған ұл мен қыз баланың жағдайы бірқалыпты. Олар анасымен бірге екінші кезеңді бөлімшеге ауыстырылды. Күн санап салмақ жинап келеді. 1 келі 140 грамм салмақпен дүниеге келген үшінші сәби әзірге жансақтау бөлімшесінде болады. Оны үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Үшемді үйге шығаруға әлі ерте. Әр балаға өз алдына бөлек күтім қажет. Осы себепті әзірге орталықта болады», – дейді.