Бақытын басқа елден іздегендер неге көбейіп барады?
Бақытын басқа елден іздегендер неге көбейіп барады?
484
оқылды

Шетелге турист ретінде барып, уақытша жұмыс істеп келгісі келетіндердің қарасы онсыз да көп. Талай қазақ солай жан бағып жүр деуге болады. Еңбегі қаналып, елге әрең дегенде оралатындары да бар. Жә, әңгіме ол туралы емес. Әңгіме – арамызда­ғы көзі ашық, көкірегі ояу жандардың адамның ақылын бағалайтын елдерге, көптеп кете бастауында болып тұр. Дамушы елден дамыған елге саналы түрде кетуді жөн көретіндер мұны әлемдік тәжірибедегі қалыпты үрдіс деп санай­ды. Ол да мүмкін. Бірақ ұланғайыр аумақты алып жатқан атырапта онсыз да азбыз деп жүргенде, жастардың жаппай шекара асып жатқаны жақсы құбылыс емес.

Ақыл-ой иелерінің дамушы елдерден дамыған елдерге көшуі ақыл ағыны деп аталады екен. БҰҰ есебіне сүйенсек, 2017 жы­лы әлемде 258 миллион мигрант тіркелген. Жаһан жұртының
3,4 пайызы өзінің тарихи Отанын тас­тап кеткен. Өкініштісі сол, біз­де де оқып келуге, уақытша ең­бек етуге емес, атажұртын арт­та қалдырып, шетелде біржола тұруға бел байлаған отандас­та­рымыз көп. 2016 жылы 34 900 адам Қазақстаннан кетіп, басқа мемлекетке қоныстанса, 2017 жы­лы 37 704 отандасымыз шетелге басы бүтін көшіп кеткен. Былтыр бұл тізім 40 мыңға жетті.

Сарапшылар мұның бірінші себебін елдегі әлеуметтік тұрақ­сыз­дықтан көреді. Басқа елге барса, байлықтың астында қала­тын көзқарас қалыптастып үл­гергенін айтады. «Бұрын сыртта оқыған, елге кеп еңбек ететін білімді жастарды «Мәскеу көр­ген» деп құрметтеуші едік. Қазір, шүкір, ондай жастар орта­мызда көп. Бірақ солардың дені елге келгесін білім алған жеріне қайта кеткісі кеп тұратын болды. Ол аздай, елдегі ақылды маман­дық иелерінің де шетелге аңсары ауа бас­тады. Оның ең басты себебі – елдегі саясатқа көңіл тол­маушы­лықта жатыр. Былтыр сыртқа көшкендердің ішіндегі 71,3 па­йыз – орыстар, 8 пайы­зы – не­містер, 6,6 пайызы – украйндар, 4,5 пайызы –қа­зақ­тар. Сол қазақтардың 73 пайызы 16-62 жастағы орта буындағы адамдар екен. Сарапшы ретінде айтарым, бұл үдеріске Үкімет үндемей қалуға болмайды. Тоқтам керек. Біздегі көбіне біліміне сеніп кететіндер көп. Оларды онда жібермеудің немесе сонда оқы­ған жастарды елге әкелудің жолын қарастыру керек. Әрине, әр адамның қайда өмір сүргісі келетінін өзі шешуге толық құ­қы бар. Бірақ мұның салқыны ұлтқа, мемлекетке тимей қой­майды», – дейді эко­но­мист Абай Жұмаділов.

Статистикаға сенсек, шетелге кетіп жатқандардың дені орта жастағы және білімді адамдар. Олардың ішінде техникалық білімі бар мамандар. Қоныс аударған әрбір екінші азаматтың жоғары білімі бар. Әсіресе, біздің елде қара жұмыс саналатын сантехник, электрик мамандары шетелде өте жоғары деңгейде бағаланады.

Finprom.kz порталының дерегі бойынша елден кеткен­дердің ішінде 3,6 мыңы – эко­но­мика мамандары, 2,8 мыңы – бизнес саласында жүргендер, 1,8 мыңы – медицина мамандары болса, 2,6 мыңы педогогика мамандары екен.

«Жоғары жалақы, жайлы өмір кімге ұнамасын?! Шетелге қоныс аударушылардың ішінде көбіне дәрігерлер, мұғалімер бар. Дені кету себебін елдегі жала­қының, әлеуметтік қамқорлық­тың аздығымен байланыстырады. Алайда алаңсыз өмірді арман­дайтындардың онда барғанмен шекесі шылқып кетеріне ешкім кепілдік бере алмайды. Екінші жағынан адамның ақылын бағалайтын қоғамнан орын алудан қорықпау да керек. Мұны отанға опасыздық деп айтуға болмайды», – дейді әлеумет­та­нушы Нұрсәуле Көмек.


Алғашында жақсы жұмыс ұсынып, жағда­йымды жасағанда қуанып, ата-анам да бұл шешіміме риза бол­ды. Сонда жүріп үйлендім. Ал ба­лаларым өмірге келе бастаған­да, олардың нағыз қазақ болып өспейтініне толық көзім жетті. Мұны айту үшін таңды таңға ұрып жырлау керек. Өзім де елді са­ғынып, Отаныма оралғым кел­ді. 


Қалай десек те, бүгінде ше­тел­ге кету идеясы ақылдылардың арасында пайда болды. Әлеу­меттік желілерде қазіргі қоғам­дағы көрініске көңілі толмай­тындықтарын ашық білдіріп, қолдарын сілтеп отырған жұрт­тың қарасы қалың. Олардың дені, Америкаға, екінші кезекте Канадаға барғылары келеді.

Әсіресе, АҚШ-тың азаматты­ғын алғысы келетіндердің қа­расы көп екен. 2017 жылы грин картаға тапсырыс бергендердің саны 60 мың болса, 2018 жылы 90 мың болған.

Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінде оқып келген Ботагөз Маратқызы да шетелге кету ойының барын жасырмай­ды. «Мен көрген елдер өзіме ерекше ұнады. Батыс Еуропа, Америка сияқты елдерде өмір сүру өте ыңғайлы. Маған ондағы мәдениеттің жоғарылығы ұнады. Көп нәрсе үйрендім. Енді мен онда біржола тұруды ойламасам да, көкжиегімді кеңейту үшін барғым келді», – дейді ол.

Ал Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық универ­ситетінің түлегі Руслан Жақыпов Ресейде тұрған 12 жылын өз елін­де өмір сүрген 6 аймен алмас­тыра алмайды. «Алғашында жақсы жұмыс ұсынып, жағда­йымды жасағанда қуанып, ата-анам да бұл шешіміме риза бол­ды. Сонда жүріп үйлендім. Ал ба­лаларым өмірге келе бастаған­да, олардың нағыз қазақ болып өспейтініне толық көзім жетті. Мұны айту үшін таңды таңға ұрып жырлау керек. Өзім де елді са­ғынып, Отаныма оралғым кел­ді. Әлі де кеш емес деп ойлай­мын. Үш баламның осы елдің аза­маты, қожайыны екенін сезі­ніп қоймай адал ең­бек еткенін қалаймын. Бола­шақ­та балала­рым­ның шетелде білім алғанына қарсы болмасам да, онда тұруына жол бермес едім. Өйткені олар өркениетті, азат қоғамда өмір сүргенімен, бөтен елге сіңіп кете алмас еді», – дейді.

Тағы бір қызық дерекке тоқталайық. Тектанушы Әлия Сағымбаева газетімізге берген сұхбатында осы мәселенің бір ұшын тарқатқатқандай болды.

«Бүгінгі таңда, әсіресе, жас­тар арасында шетелге қоныс аударғысы келетін, шетелде білім алуды армандайтындар көбейді. Мұндай ой, көп жағдай­да, кезінде саяси қуғын-сүргін көргендердің ұрпақтарына тән екен. Қиыны сол, олар шетелге барғанда да сол елдің билігімен келісімде өмір сүре алмайды. Себебі, ол елден қашқанымен, генде қалған ақпараттан құтыл­маған», – дейді Әлия Сағымбаева.

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген ма­қалға да ойлана қарай бастадық. Жыл сайын мына қарқынмен көшкен қазақтарға қарап, өзге елде сұлтан болғысы келетін­дердің қарасы көбейіп кеткен­дігін көреміз.

Сарапшылар олар бәрібір ойлануы керек екенін ескертіп отыр.

P.S.

Әйгілі неміс физигі, Нобель сыйлығының иегері Ханс Йен­сен: «Елден ғалымдар, инженерлер, дәрігерлер, ақыл-ой иелері кетсе, сол елдің сәні – интеллигенция құриды. Ондай елде бизнесмендер билікке келеді, көшедегі кім көрінген саясаткер атанады. Ал әртістер мен спортшылар, базардағы алыпсатарлар депутат болады», – депті. Бұл да сол заманда дамушы елден үдере көшкен зиялыларға арналған алаңдау сөз деп ұқтық.

Қасіреті сол, біз осының сәл-ақ алдында тұрмыз...