Ер қаруы – бес қару
Ер қаруы – бес қару
642
оқылды

Тап бір кино лентасы тәрізді: болған оқиғаның бәрі көз алдымызда өтті, жер жүзін тітіреткен аса қуатты армиясы бар еді; КСРО тарқайтын тұста елдің саяси бекемдігінен түк те қалмаған-ды, ең мықты тірек – әскери әлеуеті де әлсіреді. Әбден тығырыққа тірелген Одақтан тәуелсіз елдер өз үлесін таласа-тармаса алып жатты. Бұл үрдіс Қазақстанға ауыр тиген болатын.

Былайша айтқанда, бірлі-жарым қазақтың лауазымын көтергені болмаса, кеңестік әс­кер құрамында құрылыс ба­та­льон­дарына барғаннан басқа тірлік те шамалы еді. Әскерді дербес басқару деген бізде бол­ған жоқ. Бәрі бір ортадан, не­гізінен Мәскеуден шешіліп тұр­ды. Кеңес Одағының құра­мы­на кіретін барлық елдегі сияқ­ты біздің елде жеке әскери қауіпсіздік туралы заңдар болған жоқ. Әскери доктрина дегенді оқыған, көзі ашық мамандар ғана білетін еді.

1992 жылы 7 мамырда Қа­зақстан Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Назарбаев «Қа­зақстан Республикасы Мем­лекеттік қорғаныс коми­тетін Қазақстан Республика­сының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қа­зақстан Республикасының Қарулы Күш­терін құру туралы» заңдарды жедел қабыл­дады. Бұл күн – содан бері Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні.

Одақтық әскери мүлік бар­лық елге ортақ еді. Мемлекет басшысы сол кезде Қазақстан Респуб­ликасының территория­сына орналасқан әскери бір­лес­тіктердің, құрамалардың, бө­лімдердің, мекемелердің, ұйымдардың, полигондардың, арсеналдардың, сақтау база­ларының, қоймалардың, жыл­житын және жылжымайтын әскери бұйымдардың ендігі жерде Қазақстан Республикасы­ның заңды мүлкі болып табыла­тындығы және Қарақстан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің құрамына енгізілетіндігі туралы жарлық қабылдамағанда, біздің жеке ел болып, аяғымыздан тұ­рып кетуіміз неғайбыл еді. Әскер­лер мен әскери құрылым­дардың басшылығына Қазақ­стан Респуб­ликасы Үкіметінің келі­сімінсіз әскери бөлімдер мен мекеме­лердің тұрақты ме­кенжайларын ауыстыруға, сондай-ақ техни­каларды, қару-жарақтарды, материалдық-техникалық мү­ліктерді Қа­зақстан Респуб­ликасының тер­ри­ториясынан шығаруға тыйым салынды.

Бұл сөз жоқ, ерекше батыл шешім болатын.

Біздің қазіргі әскери әлеуе­тіміз жақсы. Бұрын әскери білім беру жүйесі болған жоқ. Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Әуе қорғанысы күштерінің әс­кери институты, Радио­элек­троника және бай­ланыс әскери инженерлік институты, Әскери-теңіз институты, Шет тілдері әскери институты дейтін іргелі оқу ордаларының негізі Тәуел­сіздік жылдары қаланды.

Қазақта «Ер қаруы – бес қару» деген бар. Ер азамат елге қорған болу үшін қашанда бес қаруы сай болуы тиіс.