Армениялық көліктерді тіркеу тәртібі өзгермек
Армениялық көліктерді тіркеу тәртібі өзгермек
© Сурет ғаламтордан
2,150
оқылды
16 сәуірде ішкі істер министрінің Қазақстандағы көлік құралдарын тіркеу ережелеріне түзетулер енгізу туралы бұйрығы күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасына уақытша кіргізілген көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу енді бастапқы тіркеу болып саналмайды. "Яғни, ЕЭО елдерінен, нақтырақ айтсақ Армениядан келген машиналарды уақытша тіркеу барысында бастапқы тіркеу алымын төлеудің қажеті жоқ. Айтпақшы, жуырда ғана АЕК көлемі ұлғайып, алым-салықтар да артты. Бұл жағдайда олардың кейбіріне 1.4 млн теңгеге дейін алым сомасын төлеу қажет болатын еді. Ал шетелдік көлік иелерінің басым бөлігі дәл осы себеппен темір тұлпарын заңдастырудан бас тартқан", – делінген сайтта. Осылайша армениялық көлік иелеріне машинасын анағұрлым тиімді шарттармен тіркеуге мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» қаулының күшіне енуін күту ғана қалады. Құжат әлі әзірленіп жатыр, бірақ осы жылдың мамыр-маусым айларында қабылдануы мүмкін. 16 сәуірден бастап ЕЭО елдерінен келген автокөліктерді тіркеу барысында көлік құралын тіркеу куәлігінде айрықша жазба пайда болады: ресейлік көлік — РФ КҚ, армениялық көлік — АР КҚ, Беларусь елінен келген көлік — БР КҚ, Қырғыз Республикасынан келген көлік ҚР КҚ деп белгіленеді. Тіркеу Ережесіне және басқа да бірқатар техникалық өзгерістер енбек. Соның ішінде заңды тұлғаларға egov.kz порталы арқылы тіркеу бойынша қосымша қызметтер енгізіледі.