Одақ нарығында жаңа кедергілерге жол берілмейді
Одақ нарығында жаңа кедергілерге жол берілмейді
Қазақстан Президенті Қа­сым-Жомарт Тоқаев бей­не­кон­фе­рен­ция форматында өт­кен Жоғары еу­разиялық эко­номикалық кеңес­­тің жұ­мыс мәжілісіне қатыс­ты. Бұл туралы Ақорданың  бас­па­сөз қызметі хабарлады. Жиынның күн тәртібінде ко­ронавирус ін­детінің таралуын болдырмау және Еу­ра­зиялық эко­номикалық одаққа мүше ел­дер­дің эко­номикалық тұрақтылығын қам­­та­ма­сыз ету мәселелері қарас­тырылды. Сонымен қатар онлайн-сам­митке Еу­разиялық экономикалық одақ­қа мүше мем­лекеттердің бас­шылары: Армения Рес­пуб­лика­сының премьер-министрі Никол Па­­шинян, Беларусь Республи­касының пре­зиденті Александр Лу­кашенко, Қырғыз Рес­пуб­ликасының президенті Соо­рон­бай Жээнбеков, Ресей Фе­де­ра­ция­сының пре­зиденті Владимир Пу­тин және Еуразиялық эко­но­микалық комиссия алқасының төра­ғасы Михаил Мясникович қатысты. Қазақстан Президенті өз сө­зінде көп­те­ген елдердің қоғамдық және эко­номи­ка­лық өміріне кері әсерін тигізген COVID-19 пан­де­миясына байланысты әлемде күр­делі жағ­дай қалыптасып отыр­ға­нын айтты. Со­нымен қатар бүкіл дүниежүзінде эко­номикалық бел­сенділіктің бірден төмен­де­ге­нін, шикізат өнімдері бағасының ре­­корд­тық құлдырауы аталған өнім­ді экс­порт­тайтын елдерге ауыр зардабын тигізіп отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ОПЕК+ аясын­да мұнай өндіруді үйле­сімді қысқарту және на­рықтағы энер­гия ресурстарының тең­гері­мін қалпына келтіру туралы келісімді қол­­дайтынын мәлімдеді. – Аталған келісім аясында та­бысқа жету үшін Ресей Феде­ра­ция­сының үлкен күш-жігер жұм­сағанын жоғары бағалай­мын. Қа­зақстан келіссөздерге ба­қы­лаушы ре­тінде қатысып, өнімді ай­тарлықтай қыс­қар­туға келісім беру арқылы өз үлесін қос­ты, – деді Президент. Мемлекет басшысы әлемдік эко­­но­ми­ка­ның одан әрі дамуы ту­ралы айта келе, «2020 жылы әлем­дегі жалпы ішкі өнім 2%-дан аса төмендеуі мүмкін. Сонымен бірге АҚШ пен Еуроаймақтың жал­пы ішкі өнімі сәй­кесінше 3,3% жә­не 4,2%-ға төмендейді. Қы­тай эко­номикасының өсімі 2%-ға тө­мен бо­лады деп болжануда, яғни құл­дырау ша­мамен 4%-ды құрай­ды» деген сарап­шы­лар­дың болжа­мын мысалға келтірді. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев елі­міз­дегі пандемиямен күреске, ел экономи­ка­сын қолдауға және мемлекеттің халық ал­дындағы әлеуметтік міндеттемелерін орын­дауға бағытталған дағдарысқа қар­сы ша­ра­лардың жүзеге асырылуы туралы айт­ты. Президент қабылданған шара­лардың ар­қасында мемлекет індеттің таралуына барынша тос­қауыл қойғанын, қоғамдағы тұ­рақ­тылықты және іскерлік бел­сен­ділікті сақтауға қол жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы пандемия­ның Еу­разиялық экономикалық одақ елдерінің эко­номикасына ти­гізген теріс әсерімен кү­ресуге ба­ғытталған дағдарысқа қарсы бір­­лескен шаралардың жүзеге асы­рылу ба­рысына да тоқталды. – Азық-түлік және медицина­лық бұйым­дардың жекелеген түрлерін шетелге шы­ғаруға тыйым са­лынды. Әлеуметтік маңы­зы бар тауар­ларды, жеке қорғаныс құрал­дары мен дезинфекциялық зат­тарды, диаг­ностикалық реагент­терді, меди­ци­на­лық жабдықтар мен материалдардың жеке­леген түр­лерін әкелуге салық салын­бай­тын бол­ды. Үкіметаралық кеңес Үкі­мет бас­шылары деңгейінде «үкі­меттер мен ұлттық банк­тердің бір­лескен шараларының тізімі» түрін­де нақты ұсыныстарды қа­былда-ды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен бірге Қазақстан Пре­зиденті ЕАЭО бойынша әріп­тес­терін қазіргі дағ­дарыстан сабақ ала отырып, орта және ұзақ мер­зім­ді перспективаға бағытталған ша­ра­ларды орындау қажетіне на­зар аударды. Осы орайда, сауда-экономикалық, қаржы­лық, цифрлы өзара іс-қимылдарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ден­саулық сақтау және медицина ғы­лымы саласында ынты­мақ­тас­тық орнатуға бағытталған бірқатар ұсынысын ортаға салды. Біріншіден, Қасым-Жомарт То­қаев ауыл­шаруашылық және азық-түлік өнім­дерін өндірудің зор мүмкіндігі жайында айта келе, өзімізді өзіміз азық-түлікпен қам­та­масыз етудің деңгейі өсіп, дайын өнім өндірісін мейлінше ұл­ғайту, сыртқы на­рыққа шығу жә­не ауыл шаруашылығы ғы­лы­мында тәжірибе алмасу үшін ын­ты­мақ­тастықты нығайту тетік­терін ойлас­тыруды ұсынды. Екіншіден, Президент өңірлік өнді­ріс­тік-технологиялық коопе­рацияларды ны­ғайтудың маңыз­дылығына тоқталды. Оның пік­і­рін­ше, қазіргі дағдарыс ғаламдық құн­дылықтар тізбегінің көрінісін ай­тар­лықтай өзгертіп, жаһандық өндіріс, сауда және логистика құры­лымдарын ұлттандыру мен ай­мақтандыру деңгейін анықтай­ды. – Аталған өзгерістерді ескеріп, эконо­микамыздың бәсекелестік басымдығына негіздей отырып, қосымша құнның аймақ­тық тізбе­гін жасауға болады. Еліміздің үкі­мет­тері бірлескен жұмыстар бойын­ша атал­ған бағытты пысық­тап, нақтылай алар еді, – деді Мем­лекет басшысы. Үшіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев Еура­зиялық экономикалық одақ аясын­дағы сауда процестері­нің орнықтылығы маңызды еке­нін айтты. – Одақ аясында өндірілетін тауар­лар­дың ешқандай кедергісіз тасымалын ес­кере отырып, өзара сауда-саттықтың жол­­­да­рын қайта қарау керек. Біз бұған дейін іш­кі нарықтағы кедергілерді реттеу мәсе­лесін бірнеше рет талқы­ла­дық. Өкінішке қа­рай, дағдарыс кезінде жаңа кедергілер бой көр­сету­де. Мұның тұрақты сипат алуы­­на жол бермей, оның норма­тивтік және құ­қықтық тәжірибесін қалыптастыру маңыз­ды, – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы пан­демиядан зардап шек­кен бизнеске қар­жылай көмек көр­сету арқылы Еуразиялық экономи­ка­лық одақ кеңістігіндегі іскерлік белсенділікті қолдауға шақырды. – Еуразиялық даму банкі дағ­дарыстан кейін­гі кезеңде бірлес­кен жобаларды қар­жыландырудың тиімді құралы болуға тиіс. Елі­міз­дің үкіметтері осы бағытта келісіл­ген маңызды жобаларды әзірлей алар еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президенті өз сө­зінде ден­саулық сақтау және ме­дицина ғылымы са­­ла­сында ын­ты­мақтастық орнатуға ерек­ше мән берді. Мемлекет басшысы ақпарат алмасу, COVID-19 індетін анық­тау­дың және онымен ауырғандар­ды емдеудің инно­вациялық әді­с­терін әзірлеу, сондай-ақ Еуразия­лық экономикалық одаққа мүше елдер арасында ғылыми ынтымақ­тас­тықты күшейту мәселелері бойынша өзара ықпалдастықты нығайтуды ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев панде­мия к­е­зінде қоғамның дамуы үшін өзінің маңыз­дылығын дәлелдеген цифрлы инфра­құры­лым­ның са­пасы мен сенімділігін қам­та­ма­сыз етудің қажетін айтты. Президент­тің пі­кірін­ше, озық технология­лар­дың ен­гі­зілуі интеграциялық жұ­мыстардың: кеден қыз­метін цифрландырудан Fintech бір­лескен әзірлемелеріне дейінгі ба­р­лық ба­ғыт­тың тиімділігін ай­тар­лықтай деңгейде айқындайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Еуразиялық экономи­ка­лық одаққа мүше ел­дер мен одақ­тың өзі бұрын-соңды бол­ма­ған осы дағдарысты еңсеретініне, одан са­бақ алатынына, аталған ке­зеңде пысық­тал­ған тәжірибеге тал­дау жасайтынына жә­не жаңа сын-қатерлерге дайын бола­ты­ны­на сенім білдірді.