Қазіргі төтенше жағдай мен карантинге байланысты банк қызметтерін онлайн алуға мүмкіндік жасалған.
Бұған дейін банктен мүлдем есепшот ашпаған азаматтардың банк бөлімшесіне бармай-ақ есепшот ашуға болатынын жазған болатынбыз.
Қазіргі уақытта банк карталарына қашықтан тапсырыс алып, жеткізу қызметін іске қосылған. Ол үшін белгілі бір банктің клиенті болу талап етілмейді. Сіз құжат бойынша іс жүзінде тіркеліп, есепшот ашқан сәттен бастап сол банктің клиенті боласыз.
Карточканы алу үшін Halyk Bank, Jysan Bank, Eurasian Bank, Altyn Bank, Банк Хоум Кредит, Сбербанк Forte Bank және АТФБанк-тің онлайн қызметін пайдалана аласыз.