Ақмолада дәрігерлер науқастың асқазанынан 112 бұрандалы шегені алып шықты
Ақмолада дәрігерлер науқастың асқазанынан 112 бұрандалы шегені алып шықты
Фото: Интернеттен алынды
2,176
оқылды
Ақмола облысның дәрігерлері түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан ер адамның асқазанынан 800 грамнан астам шегені операция жасап алды. Көкшетауда ер адамның асқазанынан дәрігерлер жалпы салмағы 800 грамнан асатын 112 бұрандалы шеге алып шықты. Операция Ақмола облыстық ауруханасында жасалған. Операцияның 5 дәрігер жабылып жасаған. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, ер адам аймақтағы түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан. Оның осыншама шегені не үшін жұтқаны әзірге белгісіз. Дәрігерлер қазір пациенттің жағдайы жақсы дейді. Тіпті ауруханадан да шығып үлгерген.