Ақмола облысның дәрігерлері түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан ер адамның асқазанынан 800 грамнан астам шегені операция жасап алды.
Көкшетауда ер адамның асқазанынан дәрігерлер жалпы салмағы 800 грамнан асатын 112 бұрандалы шеге алып шықты.
Операция Ақмола облыстық ауруханасында жасалған. Операцияның 5 дәрігер жабылып жасаған.
Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, ер адам аймақтағы түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан. Оның осыншама шегені не үшін жұтқаны әзірге белгісіз.
Дәрігерлер қазір пациенттің жағдайы жақсы дейді. Тіпті ауруханадан да шығып үлгерген.