Басым бөлігі – еріктілер
Басым бөлігі – еріктілер
212
оқылды
2 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әс­ке­ри міндеттілерді ар­нау­­лы жиындарға шақыру ту­ра­лы Жарлыққа қол қой­ды. Сол күннен бастап «Бұл жиын­ға кімдер шақы­ры­лады? Қанша адам ба­ра­ды? Қанша уақытқа?» де­ген сұ­рақтар туындады. Соны тарқатып көрсек.  Бұл жиынға кімдер және қалай ша­қырылатынын Қорғаныс ми­нистрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, арнаулы жиындарға әскери есепте тұрған және денсау­лы­ғы жарамды деп танылған аза­маттар шақырылады. «Аза­мат­тар арнаулы жиынға тұрғылықты жері бойынша шақырылатындықтан, күнделікті жұмыс ретінде барып, қызмет аяқталғаннан кейін үй­лері­не қайтады. Егде жастағы, отба­сылық жағдайы қиын немесе созылмалы ауруы бар азаматтарды шақырудың қажеті жоқ. Себебі бізде адам ресурсы жеткілікті», – деді ол. Заңға сәйкес, қорғаныс, құқық қорғау, қауіпсіздікке қатысты мемлекеттік органда жұмыс істей­тін­дер, авиациялық персонал, көктемгі егіс жұмысы кезінде ауыл шаруашылығы саласында ең­бек ететіндер, педагогикалық кадрлар, білім беру ұйымдары мен органдарда күндізгі бөлімде оқып жатқан азаматтар, әйелдер, 18 жасқа дейін­гі үш баласы бар азаматтар, тергеудегі немесе процессуалдық іске тартылған азаматтар, жергі­лікті атқарушы органдардың депу­таттары арнаулы жиынға шақы­рыл­майды.  

Қанша адам шақырылды?

Қазіргі уақытта Қазақстанда 470-тен астам әскери міндетті ар­наулы әскери жиынға шақырыл­ған. Бұл – Қарулы Күштер Бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаевтың айтқаны. Ол: «Қорғаныс министрлігі басшы­лығы алдын ала қабылдаған ұйым­дастыру-техникалық шаралары мен жергілікті әскери басқару орган­дарының, медициналық қыз­меткерлердің карантин шектеу­дегі бірлескен жұмысы аз уақытта арнаулы жиынға 473 әскери мін­дет­тіні шақыруға мүмкіндік берді. Оның арасында 71 офицер мен 402 сержант және запастағы сарбаздар бар. Олардың басым бөлігі – ерік­ті­лер», – деді Орталық ком­му­ни­кациялар қызметінде өткен брифингте.  

Елордада жағдай қалай?

Әскери міндетті офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды Қа­ру­лы Күштердің аумақтық әс­кер­лерін жасақтау үшін Нұр-Сұл­тан қаласына арнайы жиынға шақыр­ған болатын. Тиісті қаулыны елор­да әкімдігі қабылдады. Бір қуан­тар­лығы, елордада 300-ден астам ерікті ниет білдірген, оның 100-і іріктелініп алынды. Олар жеке тұлғалар мен жо­лау­шылардың, автокөлік пен тауар­лар­дың қозғалысын бақылау үшін блок-бекеттерде қызмет етеді. Сонымен қатар санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шараларға, тұрғын үйлер мен қоғамдық орын­дарды дезинфекциялауға, сон­­дай-ақ қалалық жедел штаб жұ­мысына жұмылдырылады. Әс­ке­ри міндеттілермен Қорғаныс ми­нистрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бас­тығы, генерал-майор Мұрат Бекта­нов пен қала әкімі Алтай Көлгі­нов кездесті. Олар жастарға бел­сенді азаматтық ұстанымы мен пат­риотизмі үшін алғысын біл­дірді.  

Атырауда үш топқа бөлінді

Атырау облысы әкімінің ше­ші­мімен әс­кери міндеттілер ара­сы­нан 68 азамат арнаулы әскери жиынға шақырылды. Корона­ви­рустың таралуын болдырмау жөнін­дегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, арнаулы жиынға шақыру алдында әскери міндет­ті азаматтардың барлығы зерттел­ген. Шақырылушылар Атырау об­лысының Қорғаныс істері жө­­нін­­дегі департаментінде ме­ди­­­­циналық комиссия арқы­лы ірік­телген. Жиынға қатысу­шы әс­кери қызметшілер маман­дық­тары мен тәжірибесіне орай үш топ­қа бөлінген. Бірінші топқа – ау­рухана бөлімі. Екінші топқа – ра­диациялық, химиялық және био­логиялық қорғаныс взво­ды. Үшінші топқа атқыштар взводы кіреді. Әскери қызметке шақырылушылардың негізгі міндеті – коронавирустың тара­луын болдырмау жөніндегі жедел штаб­тың жұмысына қатысу, блок-бекеттерде қызмет ету, қала аумақтарын дезинфекциялау, инфекция ошақтары бар объекті­лерді күзету және медициналық көмек көрсету.  

Жиын күндері белгіленді

13 сәуірден Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында жиынға шақыру басталып кетті. Бұл жұ­мыс­тарға14 сәуірде – Солтүстік Қазақ­стан, 15 сәуірде – Жамбыл, 17 сәуірде Түркістан облысында шақыру басталады. Батыс Қазақ­стан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында арнаулы жиын өткізу мәселесі қарастырылмаған. Айта кету керек, аумақтық әскер­лер төтенше жағдай кезінде мін­деттерді шешуде әкімдіктерге жет­кілікті қолдау көрсетеді. Ел­дің қорғаныс қабілетіне нұқсан кел­тірмей әскерді тарту теңдігін сақт­ауға мүмкіндік береді. Ар­нау­лы жиынның барысында әскери қыз­метке жарамды адамдардың жұмыс орны мен лауазымы сақталады. Оларға жалақы төленеді. Ал жұ­мыс істемейтін адамдарға мем­лекет есе­бінен ең төменгі жалақы мөл­ше­рі, яғни 42 500 теңге төленетін болады.Сонымен бірге жиынның өту қорытындысы бойынша, ша­қы­рылғандарға кезекті  әскери шен беріледі. Оны тиісті қол­бас­­шылық белгілейді және со­лар­дың өтінішімен жергілікті әскери басқару органы шешім қабыл­дайды.  

 width=    Әдебиет  БЕЛГІБАЙҰЛЫ