Омбудсмендер алаңы құрылады
Омбудсмендер алаңы құрылады
280
оқылды

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров Еуропалық одақтың еліміздегі елшісі Свен-Олов Карлссонмен кездесу өткізді. Оның барысында адам құқықтарын қорғау мен ілгерілетудің өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ осы саладағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері пысықталды.

Омбудсмен Еуроодақтың Қа­зақ­­стандағы өкілдігінің басшы­сын ұлттық құқық қорғау мекемесі жұ­мы­сының негізгі бағыттары мен түр­лері, оның мемлекеттік орган­дар­­мен, азаматтық сектормен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы жайында хабардар етті. Бұдан бөлек, ұлттық заңнаманы жетілдіру және оған халықаралық құқық қорғау стандарттарын енгізу туралы да толық ақпарат ұсынылды.

Қазақстанға халықаралық уағ­да­ластықтар аясында берілген ұсынымдарды жүзеге асыру мәсе­ле­сіне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар «Әмбебап кезең­дік шолу» форматында ұсы­ны­латын еліміздің алдағы баянда­ма­сын талқыға салды.

ЕО өкілі Қазақстанның баста­ма­сы бойынша Орталық Азия елдері омбудсмендерінің ынты­мақ­тас­тығына арналған алаң (CASI NHRI) құруды қол­дады. Бел­гілі болғандай, жақын арада осы тұғырнама қыз­метінің жол картасы бекітілетін көрінеді. Ол құқық қорғау ынты­­мақ­­тас­ты­ғының аймақ елдері үшін ортақ қызығу­шы­лық туды­ратын ба­сымдықты мәселелерін қам­тиды.

С.Карлссон екіжақты ықпал­дас­тықты, соның ішінде Еуро­па­лық одақтың «Құқық үстемдігі платформасы – Орталық Азия» атты жобасы аясында өзара іс-қимылды одан ары жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Ол «Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін жақсартуды қолдау» атты ЕО мен Еуропа кеңесінің жобасындағы бірлескен жұмыстың оң тәжірибе­сін еске сала келе, Қазақстанмен ынты­мақтастықтың тұтастай ал­ған­­да, жемісті жүріп жатқанын атап өтті.

Еуроодақ өкілі қазақстандық құ­қық қорғау мекемесінің қызме­тіне оң баға берді және азаматтар­дың құқықтарын қорғауды қамта­ма­сыз етуде қолданылып жатқан шаралардың маңызды­лы­ғын айтты.