Шымкентте көз жұмған науқас туралы толық ақпарат жарияланды
Шымкентте көз жұмған науқас туралы толық ақпарат жарияланды
© Сурет ғаламтордан
151
оқылды
Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы КВИ-ден көз жұмған азамат туралы толық ақпарат жариялады. Науқас 1954 жылғы, зейнеткер, Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласының тұрғыны. Азамат Жетісай қаласындағы орталық аудандық ауруханада коронавирусты инфекциямен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған. 1 сәуірде ер азаматта коронавирустық инфекциясы анықталды. 4 сәуір күні жағдайының нашарлауына байланысты науқас санавиация арқылы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Түскен кезінде науқастың жағдайы ауыр, сопорда, ИВЛ аппаратына қосылған. Науқаста вирустық гепатит, бауыр циррозы, қант диабеті, созылмалы панкреатит сияқты ауыр қосымша аурулар болған. Емдеу хаттамаларына сәйкес науқасқа барлық қажетті емдеу іс-шаралары жүргізіліп, бірнеше рет республикалық мамандармен консультациялар өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, бүгін сағат 15:00-де науқас қайтыс болды.