Жауапкершіліктен жалтаратын жиналыс
Жауапкершіліктен жалтаратын жиналыс
570
оқылды

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» бағдарламалық құжатын жариялағанда «Қазақстан қоғамы өзгерістерге кезең-кезеңмен бейімделіп келеді. Бұл бізге ішкі қарама-қай¬шылықтың ушығуға ұрынбай, саяси тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды фактор», – деп мемлекеттік қызметтің мәні мен маңызын айрықша атап көрсеткен еді.

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Н.Назарбаев маңыз­ды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың түрлі деңгейдегі же­ке­леген шенеуніктердің біліксіз­дігінен алға жылжымай­тынын сынға алған еді. Бүгінгі әкімшілік мем­лекеттік қызметтің саяси дең­гейге тәуелді екенін, ешқан­дай саясатсыз кәсіби бас­қару қажет болған кездің өзінде де ше­шім қабылдауды саясаттан­дыратынын, бұл кадрлық әлеуетті төмендететінін айтқан болатын. «Мемлекеттік қызмет ту­ралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдар мен Еңбек кодексіне, тағы да басқа да біраз заңдарға өзгеріс енгізілді. Елбасы мемлекеттік қызмет мәселесін өзі жариялаған бес реформаның ең біріншісі етіп тектен-тек қойып отырған жоқ. Осыны әлі күнге дейін ұғынбаған басшы көп. Мемлекетіміздегі реформалардың іске асуы, бас­қару жүйесінің тұтастығы, кәсіп­керліктің дамуы, ел әлеуетінің артуы да мемлекеттік аппаратқа, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби шеберлігіне тікелей бай­ланысты. Жұмыстағы жетістік – басты көрсеткіш. Сауатты да кә­сіби басқарушылық деген өте маңызды. Ауыл шаруашылығы ми­нистрінің бірінші орынбасары Арман Евниев әлеуметтік желі­дегі жазбасында «Күшімді, уақы­тымды бітпейтін отырыстарға, мәжілістер мен дөңгелек үстел­дерге, хаттар мен баяндамаларға жұмсауды тоқтатып, жұмыстан кетіп, басқа істермен айналы­сайын. Бәрі қағазбен, құжатпен шұғылданады. Ал нәтиже екінші кезекте тұрады. Осы жүйені өз­гертуге қанша рет талпынып көр­­дім, бірақ болмады. Бізде бүкіл жиналыстардың форматы есеп беру ретінде өтеді. Қаншама қызметкер соған уақытын жұм­сай­д­ы. Оны ұйымдастырудың өзіне қаржы кетеді. Меніңше, бұл форматты өзгерту керек», – депті. Елімізде барлық сала бойын­ша бағдарлама жеткілікті, бірақ соларды жүзеге асыруға келгенде кім нақты жауап береді? Міне, бізде осы жауапкершілік мәселесі жете қарастырылмаған. Мемле­кеттік қызметті кәсіби деңгейде басқару ісінде басшылық құрам өкілдеріне қажет нәрсе – өмір­шең идея, нақты жоспар, дұрыс шешім және жауапкершілік. Төменгі буын кәсіби орындау­шылықты меңгеруі тиіс. Жауап­кершіліктен жалтаратын жина­лыс кімге керек? Жауапкершілік болған жағ­дайда ғана жұмыстың нәтижесі болады. Елбасының халықтық бес реформасының мазмұны, бағ­дары тап осы бағытқа – ашық және халыққа есеп беруші мем­лекетті қалыптастыру, мемлекет қызметін осы жолға бейімдеуге бағытталған жоқ па?!.