Уханьдағы коронавирусқа шалдыққандарды емдеуге арналған дала госпиталі жабылады
Уханьдағы коронавирусқа шалдыққандарды емдеуге арналған дала госпиталі жабылады
Фото: Интернеттен алынды
2,336
оқылды
Коронавирустың ошағы – Ухань қаласындағы дала госпиталі жабылады. Эпидемияның ошағы – Уханьдағы аурухана 8 ақпада коронавирусқа шалдыққандарды емдеу үшін салынған еді. Госпитальді тұрғызуға 10 күндей уақыт кеткен. Мұнда қарт кісілер мен жағдайы ауыр тұрғындар емделді. Соңғы кезде науқастар саны азайған. Бұдан бөлек, осы Ухань қаласына өзге өңірлерден келген дәрігерлер үйіне қайтты. Қаладағы эпидемиологиялық ахуал жақсарды. Соңғы мәлімет бойынша, қазір Уханьда коронавирус жұқтырған 179 адам ем қабылдап жатыр. 57 науқастың жағдайы ауыр.