Президент Ұлттық банкті Нұр-Сұлтанға көшіру туралы Қаулыға қол қойды
Президент Ұлттық банкті Нұр-Сұлтанға көшіру туралы Қаулыға қол қойды
Фото: Интернеттен алынды
192
оқылды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкін Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіру туралы» Қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, Ұлттық банк 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшуі керек. Былтыр мекеме Президенттің Жарлығымен Қазақстан Ұлттық банкі болып қайта құрылды. Енді қаржы нарығын қадағалайтын жаңа агенттіктің жұмысы жан-жақты жүргізілетін болады. Айта кетейік, қайта құрылымдау мәселесі соңғы бір жылда кеңінен талқыланған болатын. Бұған дейін Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев кезең-кезеңімен көшу процесі жайында: «Көшу үшін тиісті инфрақұрылымды даярлау керек. Ұлттық банктің өзінің кеңсесі болуы тиіс, сәйкесінше оған тиісті уақыт керек. Сондықтан біз көшудің қадамдарын талқылап жатырмыз. Сонымен қатар уақытша қолданыстағы ғимаратқа немесе жалға алу тәртібін және басқа да мүмкіндіктерді қарастырудамыз», – деген болатын.