Үйдің шатырында қашықтан оқу оңай ма?

Үйдің шатырында қашықтан оқу оңай ма?

Елімізде төтенше жағдай жариялаған соң, студенттер мен мектеп оқушылар қашықтан оқуға көшті. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, 3,2 миллион оқушы қашықтан оқып жатыр.

Таудың төбесіндегі IV тоқсан  

Қашықтан оқу оқушылар мен студенттер үшін оңайға түспеді. Интернет байланысы жоқ, телеарна көрсетпейтін Қазақстанда 57 ауыл бар. Мұнайлы өлке Атырау өңірінде – 13 елді мекен, Маңғыстау –  1, Түркістан облысы – 6, Алматы – 24, Солтүстік Қазақстанда 13 елді мекен бар.   [caption id="attachment_36241" align="alignnone" > Фото: Ардақ Мұратқызының Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Мүлдем интернет байланысы жоқ ауылдар «Балапан», «Еларна», «Қазақ радиосы», «Қазпошта» арқылы оқып жатыр. 13 сәуірден бастап Qazaqstan ұлттық арнасында таңертеңгі уақытта видеосабақтар көрсетіліп жүр. Шалғай ауылдарда тұратын 3 мыңнан астам бала сабақ оқу үшін екі көзі төрт болып, пошташының жолын тосып отырады.

Нартәуекел...

Ал Білім және ғылым министрінің Асхат Аймағамбетов осындай қиындықтарды біле тұра, тәуекелге бел буды. [caption id="attachment_36252" align="aligncenter" > Фото: oraloniri.kz[/caption]
 «Оңай болмаса да, қашықтан оқу форматына көштік. Біріншіден, 3,2 млн оқушы әртүрлі бағыт бойынша қашықтықтан оқуды бастады. Кейбірі арнайы дайындалған интернет бағдарламасы негізінде оқиды. Қалғаны телеарна арқылы оқуды бастады. Kundelik.kz, Daryn online және тағы да басқа платформалар бар. Жалпы, интернет арқылы қашықтан оқуға көшкендер саны бүгінгі күні 2,4 млн оқушыға жетті. Мысалы, Daryn online қосымшасын тіркеліп, дайындалған видеоны қарауға мүмкіндік бар. Видео сабақтар біткеннен кейін нақты сол пән бойынша берілетін сұрақтарға жауап беруге болады. Жауап қате болса видеоны қайтадан қарап, қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндіктер қарастырылған. Daryn online-ға 300 мыңға жуық оқушы тіркеліп, білім алуда», – деді Асхат Аймағамбетов.
Теледидар көрсетпейтін ауылдар радио, пошта арқылы, ал 80 оқушысы бар мектептер сабақты мектепке барып оқиды. Түркістан облысында шалғай ауылдарда интернет байланысының нашарлығынан онлайн оқу мүмкін болмады. Мәселен, облыстағы оқушылардың 80% ауылды жерде оқиды.  Ал 121 мың оқушының компьютері жоқ. Сол үшін мектептердегі 29 мың компьютер мен ноутбукты оқушыларға таратып берген. Аймақта жалпы 9 мыңға жуық оқытушының компьютері және 11 мың мұғалімнің үйінде интернет жоқ.   [caption id="attachment_36243" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Облыстағы 429 943 оқушы Білім және ғылым министрлігі дайындаған видео сабақтармен білім алады. Телеарна көруге мүмкіндігі жоқ шалғай елді мекендердегі 320-дан астам оқушы «Қазақ радиосы» және «Қазпоштаның» көмегін пайдаланады. Ал Нұр-Сұлтанның іргесіндегі Талапкер және Қажымұқан ауылдарының тұрғындары WhatsApp арқылы хат алысу үшін үйдің шатырына шығып жүр.   [caption id="attachment_36247" align="alignnone" > Фото: Ардақ Мұратқызының Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Құжат жүзінде екі ауыл Beeline және Altel компанияларының интернет желісіне қосылған. «Қазақтелеком» компаниясының өкілі мен «Кар-Тел» компаниясының қызметкерлерінің айтуынша, Талапкер ауылындағы ұялы байланыстың станциясы көршілес Максимовка елді мекенінде орналасқан. Екі ауылдың арақашықтығы – 4 шақырым. Байланыстың нашарлығы да содан болса керек.   Жарнамасы жер жарған E-Learning жүйесі істемей қалды Тоқаев Айтып атпай не керек, онлайн оқу оқушы, студент, мұғалім, ата-ана үшін де оңай емес. Бұл мәселенің түйіні тарқатылмаған соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жағдайдан сабақ алу керегін қадап айтты.  
«Білім және ғылым министрлігі амалсыз теледидар арқылы сабақ беруге мәжбүр болды.  Жарнамасы жер жарған E-Learning жүйесі істемей қалды. E-gov-та үзі­лістер байқалды. Вирус­тық кезеңнен кейінгі кезеңде біз осы жағдайлардан сабақ алуымыз керек. Ең бастысы, шын мәнінде цифрлы мемлекет болу үшін IT са­ласын сапалы жаңа деңгейге шығару жоспарын дайындағанымыз абзал», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал осы салаға тікелей жауапты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевты қабылдап, шұғыл тапсырма берді. [caption id="attachment_36251" align="alignnone" > Президентке биыл барлық ауылға интернет желісі тартылады деп есеп беріп отырған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев. Фото: akorda.kz[/caption] Министр  Президентке 250-ден асатын тұрғыны бар елді мекендердің барлығы биылдан қалмай жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етемін деп уәде берді. Бірақ нақты қандай жұмыстар атқарылып жатқанын дөп басып айта алмады. Сонымен... Министр уәдесін орындағанша, ауылдағы оқушы мен студент тау кезіп, тастың үстінде табанынан сыз өтіп, етігімен су кешіп білім алуға мәжбүр. Елорданың іргесіндегі Қажымұқан, Талапкер ауылдары интернетке жете алмай отырғанда, 5-6 үйі бар жел тұрса, жарығы жалп етіп өшетін ауылдардың қашан жетері белгісіз. Шатырдың төбесінде жанын шүберекке түйген ауыл баласының жайын кім ойлайды? «Болашағы жоқ ауыл» саналатын 4-5 үйі бар ауылдағы оқушының жанын кім түсінеді? Қарапайым ауыл тұрғындарының жанайқайына кім құлақ түреді?.. (Материалда Ардақ Мұратқызының Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Талпын ауылында түсірген фотолары пайдаланылды. Фотолар Ардақ Мұратқызының Facebook-тағы парақшасынан алынды)