«Бұл дағдарыстың табиғаты бөлек» – Мақсат Халық
«Бұл дағдарыстың табиғаты бөлек» – Мақсат Халық
181
оқылды
Биыл ел экономикасын коронавирус бір шаршатса, оған мұнай бағасының құлдырауы қосылып, тағы соққы тиді. Елімізде дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары қабылданып, экономиканы тұрақтандыру шаралары бас­талып та кетті. Биылғы дағдарыстың бұрынғы дағ­дарыс­тардан айырмасы қандай? Үкіметтің дағ­дарыс­ты еңсеру шаралары қандай нәтиже беруі мүм­кін? Мұнай бағасы көтеріле ме? Осы және өзге де сауалдардың жауабын білу үшін  GSB UIB биз­несті талдау орталығының сарапшысы, эко­но­мист Мақсат Халықты әңгімеге тарттық. – Мақсат мырза, ел экономи­касы коронавирус пен мұнай баға­сы­ның қайсысынан көбірек зардап шегеді деп ойлайсыз? – Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты. Таяқтың екі ұшындай болып тұр. Бұл жол­ғы әлемдік дағдарыстың пай­да болуына коронавирустың таралуы себеп болды. Ал сандық көрсеткішке қарасақ, онда мұнай бағасының төмендеуінен зардап шегіп жатырмыз дер едім. Өйткені мұнай бағасының құлдырауынан бюджет кірісі 10,5 пайызға азай­ды. Бұл – бір. Екіншіден, мұнай бағасының төмендеуінен теңгеміз құнсызданды. Теңгенің құнсыздануы халықтың төлем қабі­летін нашарлатады. Бұл халықтың өмір сүру сапа­сына кері әсер етеді. Азық-түлік қымбаттағанын көріп отырмыз. Инф­ляцияның белгілі бір дә­ліз шегінен асып кеткенін Үкімет те мойындады. Бұл халық­тың кедейлене бастағанын айғақ­тайды. Кез келген елдің жалпы ішкі өнімінің жан басына шақ­қандағы көлемі 10 мың доллардан аз болса, онда ол кедей елдер қатарына жатады. Жыл басында біздің елдегі ЖІӨ халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіші 10 мың долларға жетіп еді. Міне,табысы орташа елдер қата­рына қосылдық деп қуана бастап едік,теңге құнсызданып, бізді қайтадан кедей елдерге қосып қойды. Ал шындап келгенде,былтыр да халықтың табысы өспеді. Мысалы,өткен жылдың қоры­тын­дысы бойынша,халық та­бысы 5,5 пайызға өсті деді, бі­рақ инфляция да сондай кө­лемде болды ғой. Демек, нақт­ы табыстың нақты өсімі 0 пайыз деуге болады. Осындай көр­сет­кіштер елдің нағыз кедей­лен­­генін көрсетеді. Бұл –мұнай ба­ға­­сының төмендеуінің еліміз үшін кері салдары. – Мұнай бағасы демекші, өткен аптадағы ОПЕК+ келісімі мұнай бағасына қаншалықты әсер етеді? Мексиканың мінез танытуы мұнайдың қымбаттауына кедергі болады дейді ғой? – ОПЕК+ келісімі бағаның тұрақтануына септігін тигізеді деген үміт болды. Бірақ Мексика мұнай бағасының төмендеуіне мүдделі ойын ойнап отыр. Егер желтоқсанға де­йін мұнайдың 1 баррелі 45 доллардан аспаса, Мексика 6 млрд доллар көлемінде табыс кө­реді. Бұл мұнайлы елдер ішінде мұ­най бағасының өсуіне қарсы ойнайтын ойыншылардың пай­да болғанын айғақтайды. Бұл ойын нарықта тұрақсыздықтың орнауына ықпал етеді және мұнай бағасының 40 долларға оралуына тосқауыл болады. Bloomberg мәліметінше, ОПЕК+ ұйымына мүше елдер де, оған мүше емес мемлекеттер де мұнай өндіру көлемін қысқартуға келі­сіп отыр. Келісімді орындаса, мұ­най бағасы 40 долларға оралуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ ол болжамның мерзімі белгісіз. Сондықтан мұнай бағасы жақын арада көтерілмейді. Мұның сал­дары бюджетімізге соққы болып, бюджет тапшылығы арта бере ме деген қауіп бар. Себебі Ұлттық қорға қаржы мұнайдан түсетінін білесіз. Ұлттық қордан трансферттен бөлек, Дағдарысқа қарсы бағдар­ламаға да аударым жаса­дық, биыл сонда Ұлттық қордан жалпы 4,7 трлн теңге аударылыпты. Соның өзінде бюджетте әлі тапшылық бар. Себебі 3 млрд долларды ше­­­т­ел­дік институттардан қа­рызға қарастырамыз деген­ге дейін келдік. Әлемде дефолт жағ­­дайында тұрған мем­ле­­кет­тер бар. Мысалы, Украи­на ­ха­лық алдындағы әлеуметтік тө­лем­дерді төлеуге дәрменсізбіз деп мәлімдеме жасады. Оларға қа­ра­ғанда біздің елде резерв бар – Ұлттық қор, алтын қо­ры­­­мыз дегендей. Жағдайы­мыз тәуір, бірақ солай екен деп арқаны кеңге салуға бол­май­ды. Осы резерв таусылмай тұр­ғанда экономиканы аяққа тұрғы­зудың жаңа амалын жүзеге асыруымыз керек. Осы салдарға қарасақ, мұнай бағасының ел экономикасына тигізген кері әсе­рі басым екенін бағамдаймыз. Бірақ бұл коронавирустың ық­палы бәсеңдейді дегенді білдірмейді. Себебі коронавирустың әлі де тигізер зардабы болады. Бірінші кезекте жұмыссыздар көбейеді. Ұлт­тық экономика министрі жұ­мыс­сыздық 4,8 пайыздан 5,8 пайызға өсті деді. Ал бұл санға тәуелсіз экономистер, оның ішін­де өзім де бармын, сен­бей­ті­ні­міз­ді айтып жатырмыз. – Неге? – Біз коронавирустан бұрын, тіпті карантин жарияланбай тұ­рып елдегі жұмыссыздық деңгейі 15 пайызға жуық деп болжаған едік. Ал мұны бүгін дәлелдеп отырған бір фактор бар, ол 42 500 теңгеге 4 миллионға жуық өті­ніштің түсуі, бұл – нақты кар­тинка. Осы азаматтардың бар­лығы жұмыссыз қалды, ара­сында арнайы әлеуметтік топқа кіретін азаматтар болуы мүмкін. Оларды алып тастағанның өзінде, егер бізде еңбекке жарамды 10 млн адам бар десек, оның 30 пайыздан астамы жұмыссыз қалып отыр. Демек, қазіргі уақытта жұмы­сы­­нан, тұрақты табысынан айы­рылғандар 30 пайыз деуге болады. Бұл – экономикамыз үшін үлкен соққы. Өйткені он­дай көлемдегі жұмыссыздықты қалпына келтіру оңай емес. Сондықтан да коронавирустың салдарынан туындайтын мәселе күрделі болады. Осы тұста таразы басы коронавирусқа қарай басылып кетуі мүмкін.  

2008 жылғы дағдарыстың сал­дары бізде әлі күнге дейін бар. Өйткені банктеріміз ауру бо­лып қалды. Банк өзі бер­ген үш несиенің біреуі қайт­пай­­тынын біледі. Сондықтан ұты­­лып қалмауы үшін қайтар­­май­­тындардың несиесін дұрыс төлеп жүрген екі адамның мой­ны­на іледі, сондықтан да бізде пайыз жоғары. Бұл іскерлік бел­сен­ді­лік­тің тұралауына әкеліп отыр. Өткен жылы банктердің ШОБ-ты несиелендіруі 18 пайызға тү­сіп кетуі – соның дәлелі.

  –Үкімет те қарап отырған жоқ, экономиканы тұрақтандыру үшін дағдарысқа қарсы шараларды қа­былдады. Сіз осы шараларды қалай бағалайсыз, мысалы ша­ғын және орта бизнесті қолдау тетігі қан­шалықты нәтиже береді деп ойлайсыз? – Иә, дағдарысқа қарсы бағ­дар­лама әзірленді. Оған бөлінген қара­жаттың көлемі 4,4 трлн теңге, долларға шаққанда 10 млрд доллар. 2007-2009 жылдары бол­ған дағдарыста «Бес батыл қадам» деген дағдарысқа қарсы бағдарлама жасалып,  оған Ұлттық қордан 10 млрд доллар бөлінген еді. Қазір де сондай көлемде қаржы бөлініп отыр. Осы тұста бір мәселені айту керек, 2007-2009 жылы бөлінген қаржы өзін ақтап, ел экономикасын да, халықты да дағдарыстан алып шықты.Алайда кейбір экономистер сол кезде 10 млрд доллардан да аз ақшаға дағдарыстан шығуға болар еді деген сын айтты. Бүгін 10 млрд доллармен көп нәр­се шешуге болады. Сонымен қатар Үкіметтің төтенше жағ­дай кезінде жұмысынан айырыл­ған­дарға 42 500 теңге көмек көрсету арқылы халықтың төлем қабілетін сақтауды қолға алғанын айту керек. Бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлініп отыр. Осы тұста «бұл ақша шын мұқтаж кә­сіпкерге жете ме?» деген сұ­рақ бар, себебі бұл жұмыстың опе­­ра­торы – екінші деңгейлі банк­тер осы процесті орындауға қан­­шалықты жауапты болады? Ал ШОБ-қа жасалған салық­жеңілдіктері тиімді құрал болды деп санаймын. Себебі ШОБ қа­зір­гі уақытта салық төлеуге қауқарсыз, корпоративті табыс салығы, қосылған құн салығын шегеру дұрыс қадам болды. Жеке табыс салығы, әлеуметтік төлемдер, медсақтандыруға ауда­ры­латын аударымнан босатқаны да оң шешім. Себебі кез келген кәсіпкер бизнес тоқтағанда бірден жұмысшыны қысқартады, ақысыз демалысқа жібереді, себебі бизнестің басты принципі – шығын болмауы керек. Ал олардың еңбекақы қорына же­ңіл­­дік жасалған соң, кәсіпкер де адамгершілік танытады. Мем­лекет маған жеңілдік жаса­ды, мен де жұмысшымды қыс­қарт­пайын дейді. Бұл жұмыс­сыз­дықтың өсуін тежейді. Несиеге каникул беруге қа­тыс­ты өз пікірім бар: мемле­кет қатты қиналып тұрған кә­сіп­­керлердің несие шегеретін үш айдағы несиесін тө­леп бере салса жөн еді. Себе­бі банк­тер несиені 3 айға шегергенімен, оның пайызының өсуі тоқта­май­ды. Негізгі қарызды айға созғанда, кесте өзгереді, қай­та шарт жасалады, сол кезде инфля­цияның өсуінен қорыққан банктер тағы да пайыз қосуы мүм­кін. Сондықтан несиені ше­геріп, кәсіпкерге салмақ сал­ған сол үшін айдың несиесін жауып төлеп беру дұрыс шешім болар еді. Алайда осы тұста екінші мәселе туындайды: несиесі жоқ кәсіпкерге қандай қолдау жасалады деген. Ара­сын­да осындай бөлу болмауы үшін несиесі жоқ кәсіпкерге арзан несие беру тетігін қарас­тыр­са. Мысалы, жергілікті әкім­діктер қосалқы қарыз алу­шы ретін­де кәсіпкердің ақшаны қайтаратынына кепіл болса. Әлеу­мет­тік кәсіпкерлік корпора­ция­лары арқылы несие беруді ұйым­дастырса, кәсіпкер үшін көп жеңіл болар еді. – Банктерде несиенің пайыз­дық мөлшерлемесі тым жоғары ғой. Пайыздық ставка дегеннен шығып отыр, мұнай бағасы күрт төмендегенде басқа елдер пайыздық ставканы төмендетті немесе сол күйінде қалдырды, ал біздің Ұлттық банк 12 пайызға бір-ақ көтерді. Ұлттық банктің бұл әрекетін сынаушылар ара­сын­да сіз де барсыз. Бір қызығы, 6 сәуірде Ұлттық банк пайыздық мөл­шерлемені 9 пайызға төмен­дет­ті. Мұны қалай түсінуге болады? – Пайыздық мөлшерлемені көтеруге шетелдік инвестор­лардың Ұлттық банктен 80 млрд доллар нотаны шешіп алғаны туралы ақпарат ықпал етті деп ойлаймын. Инвесторлар ақымақ емес, әлемдегі тұрақсыздықты көрді, ақшам қолымда тұрсын деді. Ал олардың ақшасын «шешіп алуы» теңгемізге қысым жасап жіберді. Сондықтан теңгені ұстап тұру үшін Ұлттық банк тарапынан 1,5 млрд долларға интервенция жасалды. Меніңше, Ұлттық банк пайыздық ставканы көтермей, керісінше 8 пайызға дейін түсіруі керек еді. Сонда бұл бизнеске де, халыққа да, несие нарығына да оңтайлы әсер етер еді. Өйткені несие нарығының қолжетімді болуы экономикадағы ақша ай­на­­лымының жылдам жүруіне, халықтың қолында арзан ақша­ның пайда болуына септігін тигізеді. Ал пайызды көтерген соң экономика заңына сәйкес, несие алушылар азаяды. Бұл өндірістің де төмендеуіне әсер етеді. Солай болып жатыр да. Өз басым Ұлттық банктің бастапқы шешімін әлі күнге сынаймын. Пайыздық мөлшерлемені сол уақытта ұстап қалу керек еді. Әрі кетсе 0,25 пайызға көтерсе жетер еді. – Кезінде 2008 жылғы дағ­да­­рысты 1930 жылғы Ұлы депрес­сия­мен салыстырды. Себебі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік ЖІӨ алғаш рет 2009 жылы теріс динамика көрсеткен.Биылғы экономикалық ахуалымызды 2008 жылғы дағдарыспен салыстыруға бола ма? – Көптеген халықаралық рей­тинг агенттіктері корона­ви­рус­­тан туындаған дағдарыс 2008 жылғы дағдарыстан әлдеқайда ауыр болуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Рас, себебі 2008 жыл­ғы дағдарыстың табиғаты бас­қа. Ол дағдарыс АҚШ-тың ипотекалық несие дағдарысынан туындаған. 2008 жылға дейін АҚШ банктері көптеген елге «Америкалық арман» деп үйлерді 2 пайызбен таратты. Ипотекалық шартты бір пулға жинап, ипо­те­калық облигация шығарды. Оны құнды қағаз ретінде инвес­тор­ларға сатты. Кезінде осы құнды қағаздың рейтингі өте жоғары болды. Алайда кейін ол үйлер төлем қабілеті жоқтарға да берілгені белгілі болды. Ол адамдар несие қайтармаған соң қарыз арта берді. Сол уақытта Аме­риканың жүйе құраушы бан­кі, бір ғасырдан астам та­рихы бар Lehman Brothers банкі дағдарысқа ұшырады. Артынан Американың басқа банктері де дағдарысқа ұшырап кетер еді, АҚШ үкіметі қаржы құйып құт­қа­рып қалды. Бұл үдеріс Еуро­пада жалғасты, сосын біздің банк­терге де келді. Ұлттық қор­дан 10 млрд доллар қаржы бөлі­ніп, 4 млрд долларды біздегі банк­терді құтқаруға жұмсадық. Сол кездегі банктерден қазір атауы сәйкес келетін бір ғана банк қалыпты. Басқа банктер бірік­тірілді, қалғаны дағдарысқа ұшырады, қысқасы 2008 жылы басталған проблемалы несиелер ірі банктердің басын жұтты. Мы­салы, проблемалы несиесі бар БТА банк Қазкомға қосылды да, Қазкомның жағдайын нашар­латты. Ал Қазком Халық банкке өтетін кезде банк басшысы Үміт Шаяхметова мәселелі несие­лерді алмаймын, оны бө­лек шы­ға­ры­ңыз­дар деген талап қой­ды. Содан кейін ғана Халық банк ­сақталып тұр. Ал енді проб­ле­малы несиелер бөлек институт ретінде жұмыс істеп жатыр.  

Біз коронавирустан бұрын, тіпті карантин жа­­­­рия­ланбай тұ­рып елдегі жұмыссыздық дең­гейі 15 пайыз­ға жуық деп болжаған едік. Ал мұны бү­­гін дәлел деп отырған бір фактор бар, ол 42 500 тең­­геге 4 миллионға жуық өті­ніштің түсуі, бұл – нақ­­ты кар­тинка. Осы азаматтардың бар­лығы жұмыссыз қал­ды, ара­сында арнайы әлеуметтік топқа кіретін аза­маттар болуы мүмкін. Оларды алып тастағанның өзінде, егер бізде еңбекке жарамды 10 млн адам бар десек, оның 30 пайыздан астамы жұмыссыз қалып отыр.

  2008 жылғы дағдарыстың сал­дары бізде әлі күнге дейін бар. Өйткені банктеріміз ауру бо­лып қалды. Банк өзі бер­ген үш несиенің біреуі қайт­пай­­тынын біледі. Сондықтан ұты­­лып қалмауы үшін қайтар­­май­­тындардың несиесін дұрыс төлеп жүрген екі адамның мой­ны­на іледі, сондықтан да бізде пайыз жоғары. Бұл іскерлік бел­сен­ді­лік­тің тұралауына әкеліп отыр. Өткен жылы банктердің ШОБ-ты несиелендіруі 18 пайызға тү­сіп кетуі – соның дәлелі. Біз­дің банктер үшін ШОБ-ты несиелеудің тәуекелі басым, ол бизнес аяқ алып кете ме, ақ­ша­ны қайтара ма деген күдігі ба­­сым. Банктерге не тиімді? Олар үшін Ұлттық банктің па­йыз­дық ставканы жоғары қой­ғаны тиімді. Сонда банк бар қар­жысын Ұлттық банктің нота­ларына салып қойып, сол жақтан табыс табады. Базалық пайыздың жоғары болуын құптамайтыным сол. Себебі банктер ақшаны эко­­номикаға емес, Ұлттық банк­­тің құнды қағазын алуға жұм­­­сайды. Егер базалық пайыз мөл­­шерлемесі төмендесе банк­тер Ұлттық банктің нотасына емес, ақшаны кәсіпкерлерге бе­ру­г­е тырысар еді. Қазіргі дағдарыстың 2008 жылғы дағдарыстан табиғаты бө­лек дегенім, қазіргі дағдарыс коро­навирустан басталып отыр.Moody's, Fitch агенттіктері коро­на­­вирусты «экономикадағы қа­ра аққу» деп бағалады. Бұл эко­­номикалық бестселлерлер ав­то­ры Нассим Николастың ен­гіз­ген термині. Қара аққу табиғатта си­р­ек кездеседі, сол сияқ­ты экономикада  да сирек әрі аяқасты кез­десетін оқиғаны қара аққу дейді. Былтыр коронавирустың болатынын ешкім күтпеді. Бі­рақ осы вирус экономикаға үл­кен соққы жасап жатыр. Ең қызы­ғы, кей экономистер биыл әлем­де рецессия басталатынын былтыр бол­жаған. – Үш күн бұрынғы Үкімет отырысында баяндама жасаған­дар­ға сенсек, алаңсыз жүруге бола­­тындай ғой. Мысалы, қаң­тар-наурыздағы жалпы ішкі өнім­нің өсуі 2,7 пайызды құра­ды деді.Карантиннен кейін эконо­ми­ка­мыз­дың ахуалы қандай болады деп ойлайсыз? – Үкімет отырысындағы цифр­ларды менде көрдім, нау­рыздың ортасына дейін эконо­мика жұмыс істеп үлгерді, бірінші тоқсандағы көрсеткіштің жақсы болуы содан. Ал екінші тоқ­саннан бастап экономикада құл­дырау басталады. Жыл соңына қарай экономиканың өсу қар­қы­ны те­желеді. Рецессия басталды. Ал­дағы уақытта дағдарыс кемін­де 2-3 жылға созылады. Осы про­цес­тің бәріне мемлекет дайын болуы керек. – Үкімет осы мақсатта 250 мың жұмыс орнын құрмақ. Сол үшін жол салу, тұрғын үй құрылысын жалғастыруға кірісті. Ал ауыл шаруашылығы сарапшылары қаржы ресурсын агросекторға бұру керегін айтады. Себебі күзде азық-түлік тапшылығы басталса, тығырыққа тірелуіміз мүмкін дейді. Қай салаға басымдық берген жөн? – Агросекторды қолдау ту­ралы пікірге толық келісемін. Олар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр.Оңтүстік өңірде көкөніс өсірушілерге бұрын ше­телден жүк көліктері келіп, өнімді тиеп алып кететін. Ал қазір әр жерде блок-бекет бар, шектеу бар, көлік келмей жатыр. Өткенде қырыққабатқа қатысты мәселе – соның бір мысалы. Бұл жерде Үкі­меттің үйлестіру саясаты, ұйым­дастыру қабілеті рөл ой­найды. Қалада азық-түлік қым­бат. Бұл – дефициттің салдары. Сұраныс көп, өнім жетпейді, сосын баға өседі. Ал ауылдағы фермерлер өнімін кімге сатарын білмейді. Енді өңірдегі өнімді ірі қалаларға тиімді жеткізудің логистикалық тізбегін ұйымдастыру маңызды. Көмектесеміз, бәрі жақсы болады деген сөз жүзіндегі қолдаудың керегі жоқ. Іспен дәлелдеу керек. 250 мың жұмыс орны «Жұ­мыс­пен қамтудың жол картасы» шеңберінде ұсынылып отыр ғой. Жалпы, рецессия кезінде құрылыс саласы дамиды. Мемле­кеттің осы салаға бет бұрғанын дұрыс деп санаймын. Бірақ бір мәселе бар, құрылыстың шикі­зат ресурсын өзімізден шығарсақ деймін, егер шетелден әкелсек, ол шетел валютасымен келеді де, тиісінше тұрғын үйдің бағасы қымбаттайды. Сұра­нысты төмендетеді. Сөйтіп, эко­номиканың дамуын тежейді. Дағдарыс одан да күшеюі мүм­кін. Сондықтан осы жерде мем­ле­кеттің негізгі саясаты импорт алмастыратын тауарларды ұлғайту болуы керек. Сонда үй бағасы өспейді. Нәтижесінде, қолжетімді баспана тізбегі ар­та­ды. Базалық мөлшерлеме ал­дағы уақытта түсер бол­са,7-20-25 бағдарламасынан да ар­зан­ бағдарламалар жүзеге асуы мүмкін. Сол кезде халық бас­паналы болып, көңіл күйі көтеріліп, өзін бақытты сезініп, алдағы күнге сенім пайда болады. Әлеуметтік фон жақсарады.  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» тиімді жүзеге асса, онда кез келген дағдарыстың уақытша екенін сезінеміз және оны еңсеру жедел жүреді. Ал егер керісінше баспана бағасы өсе берсе, жұмыссыздық көбейе берсе, кедей халық кө­бейсе, онда наразылық күшейеді. Ең қиыны – сол. Оның түпкі салдары тәуелсіздігімізге қауіп төндіруі мүмкін. Сондық­тан ең маңызды мәселе – мемлекеттің осы бағыттағы жұмысын дұрыс үйлестіру. Санадағы дағдарысқа жол бермеу. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан Халима БҰҚАРҚЫЗЫ