Ақтөбе қаласында 2 мамыр күні үйінен шығып, қайта оралмаған оқушы қыз іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасы хабар-ошарсыз кеткен Аружан Орынбасарованың іздестіріліп жатқанын хабарлады. 2007 жылы туған оқушы 2 мамыр күні үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
– Бойы 140-150 см, дене бітімі орташа, шашы – ұзын, қара. Қара футболка, қара шалбар, ақ кроссовка киген. Қандай да бір ақпарат білген адамнан 102 телефонына немесе 8 771 785 1058 телефонына қоңырау шалу сұралады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.