Түркістан қаласының тұрғыны коронавирусты Жетісайдан жұқтырып келген
Түркістан қаласының тұрғыны коронавирусты Жетісайдан жұқтырып келген
Фото: Интернеттен алынды
2,181
оқылды
Еліміздегі коронавирус пандемиясымен тіркелмеген облыс орталықтарының бірі – Түркістан қаласы еді. Өкінішке қарай, қауіпті індетті жұқтырған адам рухани қаладан да табылды. Ол Жетісай ауданынан індет жұқтырып келген 30 жастағы азамат. Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 53-ке жетті. Вирус 1990 ж. Түркістан қаласының тұрғынынан табылды. Ол 11 сәуір күні Жетісай ауданынан келген. Түркістан қаласында коронавирус жұқтыру бойынша алғаш болып тіркелген азаматтың қауіпті індетті қалай жұқтырғаны жайлы белгілі болды. Қала билігі қазір қалада төтенше жағдай бойынша шектеулерді күшейтіп жатыр. Түркістан қаласында 1990 жылғы азаматтың COVID-19 инфекциясын жұқтыру жайты расталды. Қала тұрғыны жұмыс бабымен 10 сәуір күні Жетісай қаласына барып, 11 сәуір күні таңертең Түркістанға қайта оралған. Жанында тек жүргізуші болған. Қалаға кіреберісте екеуінің де денсаулық көрсеткіштері нормаға сай болып, тіркеуге алынған. Сенбі, жексенбі күндері өз үйінде болған. Дүйсенбі дене қызуы көтеріліп, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Науқастан ертеректе алынған анализ бүгінде коронавирус індетін жұқтырғанын растады. Науқас Кентау қалалық ауруханасында оқшауланып, тиісті ем алуда. Денсаулық көрсеткіштері бірқалыпты. Бірге тұратын екі тұрғыннан, жүргізушіден анализ алынып, олар да оқшауланды. Бұл кісілер байланыста болған басқа азаматтар анықталып, тексеру жұмыстары атқарылуда. Тұрғын үй аумағы және байланыста болған адамдар болған жерлерде күшейтілген залалсыздандыру жұмыстары атқарылып, оқшауланды. Сондай-ақ 1992 жылғы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі, Қосбұлақ ауылының тұрғыны, 1981 ж. және 2007 жылғы Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің тұрғындарында COVID-19 инфекциясы анықталды. Аталған азаматтар коронавируспен ауырып жатқан науқаспен жақын байланыста болған. Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ,  Кентауда - 5, Ордабасы  - 4, Сайрам - 3, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1, Түркістан қаласының - 1 тұрғыны індетке шалдыққан. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.