Жеңіл атлеттеріміз жарап тұр
Жеңіл атлеттеріміз жарап тұр
182
оқылды

Жапонияның Йокогама қаласында жеңіл атлетикадан эстафеталық жарыс түрлері бойынша әлем чемпионаты басталды. Қазақстан әйелдер командасы финалдық кезеңге өте алған жоқ. Десе де, біздің команда Дохадағы әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Эстафетадан Қазақстан командасының сапында Светлана Го­лендова, Рима Кашафутдинова, Ольга Сафронова, Элина Михиналар сынға түскен болатын. Олар жарысты 10-орынмен аяқтады. Бұл 2019 жылдың 28 қыркүйегінде Катардың Доха қаласында басталатын әлем чемпионатына қатысу үшін жеткілікті нәтиже. Біздің команда өз тобында мәреге бесінші болып келсе, жалпы есепте 10-орын иеленді.

Ал аралас командалық эстафетада (Михаил Литвин, Андрей Соколов, Элина Михина, Светлана Голендова) Қазақстан командасы 16 команданың ішінен 16-орын иеленіп, көш соңында қалды.