Коронавирустың таралуына ауа райы әсер ете ме?
Коронавирустың таралуына ауа райы әсер ете ме?
©REUTERS
132
оқылды
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басқармасының басшысы Зәуреш Жұмаділова күн жылығанда коронавирус жұқтыру жағдайлары азамайтынын айтты.
"Климаты біздің елден өзгеше басқа елдерде әлі күнге дейін коронавирус тарап жатыр. Меніңше, коронавирустың таралуы ауа райына байланысты емес. Біздің халық сақтық шараларын ұстанбай жүре берсе, біз инфекцияның таралуын тоқтата алмаймыз. Басқа елдердің тәжірибесіне қарасақ, ауа температурасы жоғары елдерде, мысалы Иран және тағы басқа сол сияқты күн ыстық елдерде дерттің азаюына климат жағдайлары әсер етіп жатқан жоқ", - деді Зәуреш Жұмаділова брифинг барысында.
Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1498-ге жетті, 347 адам емделіп шықты. 17 адам қайтыс болды.