Кәсіподақтар науқанға кірісті
Кәсіподақтар науқанға кірісті
481
оқылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданының Мәдениет үйінде Кәсіподақтар федерациясы ұсынған кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысындағы қоғамдық штабының басшысы Берік Бекжанов пен үміткердің сенімді өкілдері сайлаушылармен кездесті.

Білім, спорт саласы өкілдері мен мем­лекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала өкілдері бас қосқан кездесуге 250 сай­лаушы қатысты. Насихат шарасында үміт­кердің Түркістан облыстық және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының жетекшісі, сенімді өкілі Б.Бекжанов алдағы сайлаудың саяси маңызына тоқталып, көпшілікке кан­дидат­тың сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.

Қатысушылар кандидат тұғырна­масының бүгінгідей нарықтық эконо­мика дамыған дәуірде өзекті екенін ек­шеп, еңбек адамының құқы мен мүддесін қорғау тұрғысындағы мәселелерге орай ойларын ортаға салды.

А.Таспиховтың Түркістан облысы бойынша қоғамдық штабының өкілдері кезекті басқосуын Ордабасы аудандық кітапханасында өткізді. Іс-шараға қа­тысушылар кандидат тұғырнамасының өзектілігіне мән беріп, еңбек адамдары­ның құқы мен мүддесін қорғау тұрғы­сындағы мәселелерге орай ой-пікірлерін білдірді. Кандитатқа қолдау білдіре келген азаматтар Қазақстан кәсіп­ода­ғының қызметін жандандыру жо­лындағы жоспарлармен де етене танысуға мүм­кіндік алды.

Кәсіподақ мүшелеріне үміткер тұ­ғырнамасында көтерілген қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жұмысшылардың еңбек құқын қамтамасыз ету, жосықсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру сынды басты мәселелер түсін­діріліп, сауалдарына жауап берді.

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкер­лерінің салалық кәсіподағы Қазақстан президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Ақтөбе облыстық комитеті тарапынан сенімді өкілі Ақтөбе облыстық статистика департаменті ұжымымен кездесті.

Сенімді өкіл елдегі саяси науқанның маңызына тоқталып, департамент қыз­меткерлеріне Кәсіподақтар федерациясы ұсынған кандидат А.Таспиховтың сай­лауалды тұғырнамасымен таныстырды.


Айдана БЕГІМ