Әлеуметтік мәселені талқылады
Әлеуметтік мәселені талқылады
561
оқылды

Ақмола облысында Қазақстан президенттігіне үміткер Әміржан Қосановты қолдауға арналған жиын өтті. Степногорск қаласындағы Мәдениет сарайында үміткердің облыстық штабының мүшелері және сенімді өкілдері ел алдында сөз сөйлеп, кандидаттың сайлауалды платформасын таныстырды.

40-қа жуық адам қатысқан кездесу бары­сында платформаның негізгі бағыттары тал­қыланып, қоғам белсенділері, білім беру сала­сының қызметкерлері, жастар мен қарапайым тұрғындар өз пікірлерін ортаға салды. Атап айт­қанда, қатысушылар халықты рухани тұр­ғыда өркендету туралы тармақтарды атап өтті.

Пікірлесу барысында қатысушылар өздерінің өзекті сұрақтарына штаб мүшелері мен сенімді өкілдер тарапынан жауап алды. Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

Сондай-ақ Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында да Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының үгіт-насихат тобы жергілікті мәдениет залында тұрғын­дармен кездесу өткізді. Кездесуге Ә.Қосанов­тың аймақтағы сенімді өкілдері – облыстық штаб басшысы Бақытжан Мақашев, Білім беру ісінің үздігі, филология ғылымдарының кан­дидаты, Журналистер одағының мүшесі Темірбай Мұқашев, Мәдениет саласының үздігі, республикалық дәстүрлі әншілер байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы Бақыт Шағырбаев қатысты.

Кездесу барысында еліміздің ішкі және сыртқы саясаты, жергілікті халықтың әлеу­меттік мәселелері талқыланып, ең бастысы Ә.Қосановтың сайлауалды платформасы таныстырылды. Үміткердің платформасы кеңірек зерделеніп, түсіндіріліп, қатысушы­лардың сұрақтарына жауап берілді. Кездесу соңында әнші Б.Шағырбаевтың орындауын­дағы әндер көпшілікке тарту етіледі.


Айдана БЕГІМ