Елбасы Пасха мерекесімен құттықтады
Елбасы Пасха мерекесімен құттықтады
Фото: Интернеттен алынды
202
оқылды
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады. «Православ қауымы атап өтетін Пасха мерекесінің қазақстандықтар үшін рухани мәні зор. Біз барлық діни мерекелерге құрметпен қараймыз және бұл игі дәстүр халқымыздың бейбітшілігі мен толеранттылығын білдіреді», – делінген хабарламада. Сонымен қатар Елбасы барша қазақстандыққа мықты денсаулық, амандық тілеп, мейірімділік, өзара сыйластық, бірлік сияқты құндылықтарды бағалау маңызды болып отырған осындай күрделі кезеңде Пасханың маңызы ерекше екенін айтқан.