Ғажайып гол соққан қазақ футболшысы ұлттық құрамаға шақырылды
Ғажайып гол соққан қазақ футболшысы ұлттық құрамаға шақырылды
200
оқылды

Тоқтар тоғыз ойында үш гол соғып көзге түсті

Шымкенттік «Ордабасы» клубының шабуылшысы Тоқтар Жаңғлышбай Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылды. Кеңейтілген тізімге енген 25 жастағы шабуылшы алдағы уақытта Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Сан-Марино және Бельгия құрамасына қарсы кездесулерде алаңға шығуы мүмкін.

Қазақстан премьер-лигасының осы маусымында Тоқтар тоғыз ойында үш гол соғып көзге түсті. Осыған дейін оның «Астана» қақпасына соққан голы ерекше голдардың бірі ретінде танылып, желіде хитке айналған еді.

Ойыншы осыған дейін құрамаға бір мәрте шақырылып, 2015 жылы Ресейге қарсы жолдастық кездесуге қатысқан.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 8 және 11 маусым күндері Сан-Марино және Бельгия құрамаларына қарсы ойнайды. Бұған дейін ұлттық құрама екі ойын өткізді. Алдымен Шотландияны 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, одан кейін Ресей құрамасынан 0:4 есебімен жеңілді.