Ақжайықтағы ақын тойы
Ақжайықтағы ақын тойы
796
оқылды

Белгілі ақын, Мемле­кет­тік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгереева биыл 75 жастың биігіне көтеріліп отыр. Осынау мерейтойға орай, ақынның туған жері Теректі ауданының Ақжайық ауылында тұңғыш рет об­лыс­тық Ақұштап оқулары өтті.

Теректі ауданының әкімі Әділ Жолама­нов жерлес­те­рінің атынан ақ жаулық жа­уып, қамзол кигізіп, құшағын тағы да гүлге толтырды.

– «Мен Оралды үш қызы ар­қылы жақсы танимын. Бірін­шісі – аңызға айналған Қыз Жібек, екіншісі – батырға ай­нал­­ған Мәншүк, үшіншісі – өзін­дік мінезі мен үні бар ақын Ақұштап. Ендеше, бұл ел­дің қыздары мықты-ау деп ұғынам» деп академик Зейнолла Қабдолов атап өткендей, өзіңізді тек Жайық жұрты ғана емес, күллі қазақ елі мақтан тұтады, – деді аудан әкімі Ә. Жоламанов.

Өз кезегінде ақын Ақұштап Бақ­ты­­гереева да ризашылығын жеткізіп, жерлестеріне алғысын жаудырды.

– Сендердің араларыңнан бола­шақта қазақтың сөзінің қасие­тін түсінетіндер, ұлтын сүйе­тіндер өссе, Жайықты мен­ше сүйетіндер қалып­тас­са, сонымен бақыттымын. Сен­дер­­дің өлең түсінгендеріңе бақытты­­мын. Себебі, өлеңді түсіну – кез келген адамға бұ­йыр­­­маған бақыт, – деп ағынан жа­рылған ақын бір­неше өлеңін жатқа оқып берді.

Теректі ауданы әкімдігі мен аудандық білім беру бөлімінің ұйым­дастыруымен облыста тұң­ғыш рет өткен облыстық Ақұш­тап оқулары 3 кезеңді қамтып, онда қала мен барлық ауданнан кел­ген 80-ге жуық жас талант бақ сынады.

Әдеби байқаудың «Мені оқитын халық бар» атты ақын жайында эссе жазу кезеңі бойын­ша Қаратөбелік Гүлмайра Ерғожина бас жүлдеге ие болды. Оралдық Ақнұр Миханова І орын иегері атанса, Шұғыла Аман­гел­ді, Гүл­сана Мақсұтова, Сәуле Дүй­сен­баева, Жәнел Бақытова, Аида Ора­зова ІІ және ІІІ орындарға тұрақ­та­ды.

«Жырлау үшін, сүю үшін елімді, Мен қайтадан таңдап алам Жайықты» деп аталатын ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан бас жүлдеге ие болған жаңақалалық Ерсұлтан Құрма­шев Ақұштап апасының 100-ге жуық өлеңін жатқа біледі екен. Тізім бойынша кез келген өлеңді сұрасаңыз мүдірмейтін ол осылайша бәйгеде дара келді. Бұл кезең бойынша І орынға оралдық Жібек Досымова лайық деп танылды. ІІ орынды Фатима Әділова мен Гүлназ Асқарова, ІІІ орынды Жанерке Ерменова, Айзада Жайлыбаева, Даяна Нұрланқызы бөлісті.

Ақұштап апаларының ізін қуып, қаламды жанына серік еткен талап­ты­лар арасында өткен «Жырымды саған арнай­мын» кезеңінде берілген тақы­рып бойынша белгілі бір уақыт­тың ішінде өлең шығару басты талап болды. Бұл кезеңде Жаңа­қала ауданынан келген Ізбасар Бақытов бас жүлдені қанжы­ғасына байлады. І орын­ды Аслан Ысмағұлов, қалған орындарды Жұлдыз Тантыбаева, Дархан Мақсатов, Ақарыс Роман­қызы, Әдемі Күнқақова, Балсұлу Мәде­ниетова жеңіп алды. Ал Теректі ауданы әкімінің арнайы жүлдесіне Ақсай қаласынан келген Жанар Өмірзақова мен тасқалалық Інжу Қалбаева ие болды.

Сондай-ақ кеш барысында ақ­жайық­тық жас ақын Айбек Әбілқа­лым Ақұштап Бақты­герее­ваға арна­уын оқыса, әнші Гүлнұр Қаражанова ақынның сөзіне жазылған «Оралдың ерке самалы» әнін шырқады. «Назер­ке» би ансамблі ақынның «Ана жүрегі» өлеңінің желісі бойынша арнайы композиция орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Енді Ақұштап оқулары келесі жылдан бастап респуб­ли­калық деңгейде ұйымдасты­рылмақ.

Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ,

Батыс Қазақстан облысы