Қызылордада үздік математикке 1 миллион теңге беріледі. Бұл жайында «Хабар 24» хабарлады.
Бұл сайыс 5 жыл қатарынан тек қалалық деңгейде өткізіліп келеді. Сайысқа 18 бен 35 жас аралығындағы жүзге жуық мұғалім қатысуда. Қазақстанның барлық өңірінен бөлек Қырғызстан мен Өзбекстаннан дарындылар келеді.
Халықаралық олимпиадада бақ сынаушылар күрделі шартқа құралған 7 есепті шығаруы тиіс. Физика-математика ғылымдарының кандидаттары мен докторларынан құралған қазылар алқасы 5 жеңімпазды анықтап, ең үздік жас математикке 1 миллион теңге көлемінде сыйлық береді. Олимпиада шеңберінде академиктер мен ғалымдардың жас мамандарға арналған оқу курстары да ұйымдастырылды.