«Үркердегі» көпқабатты үйлер кәріз суы мен нәжіске батып бара жатыр - видео
«Үркердегі» көпқабатты үйлер кәріз суы мен нәжіске батып бара жатыр - видео
Фото: Интернеттен алынды
293
оқылды
Елорда маңындағы 20 мың тұрғыны бар Үркер тұрғын алабындағы тұрғындар карантинде дала кезуге мәжбүр, - деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Себебі, қолқаны қабатын кәріз суының иісі үйді тұтастай алып кетеді екен. Телеарнаның хабарлауынша, «Үркер» төрт ауданға бөлінеді екен. Аталмыш аумақтың тұрғындары иісі мүңкіген кәріз, еріген қар суы бізді жылда мазалайды. Себебі, «Үркерде» су құбырлары жүйелі салынбапты. Бұл мәселе алқапта көпқабатты үйлер пайда болысымен тағы да күрделене түскен. Неге десеңіз Үркерде кәріз жүйесі тек жеке сектор типтес нысандарға ғана арналған. Соның салдарынан тұрғын алқабындағы 149 пәтерлі үйді кәріз суы басып отыр. 2018 жылы тапсырылған көпқабатты үйдің жертөлесін су соратын көлікпен тазартып отырады. Ал егер де ондай жағдай жасалмаса, барлық жертөле осындай суға толып кетеді.   https://youtu.be/9JUsxeDlAag Ал Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі биыл кәріз суы ағатын құбыр жүргізетін жоспар жасап жатқанын хабарлаған.