Тұрлыханов Кубогы өтеді
Тұрлыханов Кубогы өтеді
345
оқылды

Бұл турнир биыл жиырма бесінші рет жалауын желбіретпек

25-26 мамырда Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен дәстүрлі халықаралық "Болат Тұрлыханов Кубогы" өтеді.

Алғаш рет жалауы 1994 жылы жалауы желбіреген бұл турнир биыл жиырма бесінші рет өткелі отыр. Әу баста Семей қаласында бастау алған турнирдің Алатау бөктеріне келгеніне де биыл міне, үшінші жыл. Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген «Болат Тұрлыханов Кубогы» тек олимпиадалық алты салмақта (59, 67, 77, 87, 97 және 130 келі) өтеді. 

Биылғы дүбірлі додаға еліміздің үздік балуандарымен қоса Ресей, Иран, Корея, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстанмен қоса өзге елдердің күрес шеберлері қатыспақ. Жоғарыда аталған елдер қатарында бірнеше Әлем және Олимпиада чемпиондары қатысады деп күтілуде. Жарыстың құрметті қонақтары қатарында Александр Карелин, Камандор Маджидов, Ким Ен Нам, Жақсылық Үшкемпіров сынды күрес әлемінің тірі аңыздары бар. 

Бүгінгі күнге дейін жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырып келген ұйымдастырушылар биыл да турнирді ерекше өткізу үшін аянып қалмайтынын айтуда. 25-26 мамырда «Балуан Шолақ» спорт кешеніне жиналған жанкүйерлер де құр қол қайтпайды. Ұйымдастырушылардың сөзінше жанкүйерлерді де бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) ресми сайтының хабарлауынша, турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдар табысталады. Ең бастысы ұйымдастырушы комитет үздік балуандарға арнайы қаржылай сыйақы дайындалған. Дәстүрге айналған турнирдің жыл сайын табысталып келе жатқан қаржылай сыйақысы төмендегідей: 

1 орын - 3 000 АҚШ доллары 

2 орын - 2 000 АҚШ доллары 

3 орын - 1 000 АҚШ доллары

Еске салайық, Болат Тұрлыханов - Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Семей өңірінде дүниеге келіп, 1956 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын тәмамдаған. Саналы ғұмырында талай сақа балуандарды баптап, оларды күрескерлік рухқа, жеңіске деген ерік-жігерлілікке, төзімді болып алға жылжуға, биік мақсат қоя біліп, асқақ арманға жетулеріне жетелеген.