Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай кәсіпорындар жұмысын бастағаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай кәсіпорындар жұмысын бастағаны белгілі болды
© inform.kz
135
оқылды
Қазақстан Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімін бекітті. Бұл ретте басты талап — карантин жағдайында қарастырылған қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау болып отыр. Мемлекеттік комиссия бекіткен ШОБ субъектілерінің қызмет түрлері: Нұр-Сұлтан қаласында: өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері; көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар; автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу; екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді; қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылды. Алматы қаласында: өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары; нотариустер алдын ала жазылу бойынша; тек бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1). «Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы шұғыл штабтар кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің нақты тізімін, олардың қызметкерлерінің нақты санын, жұмыс уақытын және жеткізілу тәсілін анықтады»,-делінген хабарламада.