Салықты уақтылы төлеу – міндет
Салықты уақтылы төлеу – міндет
672
оқылды

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы 105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді. Қосылған құн салығы тауарларды алушының тіркелген мекенжайы бойынша өндіріледі.

Осыған байланысты, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша салық органына келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей қағаз нұсқасында және электронды түрде не тек электронды түрде импортталған тауарлар бойынша жанама салық туралы декларацияны (СЕН 320.00) тапсыруыңыз қажет.  

Бұдан басқа, қосылған құн салығын тұрған жеріңіз (тұрғылықты жеріңіз) бойынша келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей төлеуіңіз тиіс екендігін ескертеміз.

Аталған декларациямен бір уақытта салық төлеуші Тауарды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішті (СЕН 328.00) қағаз нұсқасында (төрт данада) және электронды түрде, не тек электронды түрде салық органдарына ұсынуыңыз қажет.

Тауарды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

·        жанама салықтарды төлеу туралы банктің түбіртек;

·        тауарға ілеспе құжаттар;

·        келісім-шарт (мәміле);

·       счет-фактуралар және т.б. құжаттар.

Декларация мен арызды электронды түрде тапсырған уақытта аталған құжаттар тапсырылмайды.

Жоғарыда аталған салық есептілік нысандарын уақытында не болмаса тапсырмаған жағдайда, салық төлеуші «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 272 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші «ескерту», егер де әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса «15-тен бастап 75 айлық есептілік көрсеткішке дейін айыппұл (37875-189375 теңге)» салынады.

Сонымен қатар, жанама салықтарды төлемеген, не толық төлемеген не болмаса уақытылы төлемеген жағдайда, жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 287 бабының 1 тармағына сәйкес «10-нан бастап 50 айлық есептілік көрсеткішке дейін айыппұл (25250-126250 теңге)» салына отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қосымша ақпарат www.kgd.gov.kz сайтында немесе салық төлеушінің тұрған жері (тұрғылықты жері) бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларынан алуға болады.