Шаруалар бір жерден бір жылда 2-3 рет өнім алып жатыр
Шаруалар бір жерден бір жылда 2-3 рет өнім алып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
363
оқылды
Жетісайлық шаруалар бір жерден жылына 2-3 рет өнім алуды жоспарлап отыр. Түркістан облысында төтенше жағдайға қарамастан, егін егу, жиын-терім науқаны тоқтамайды. Жетісай ауданының диқандары бір жерге екінші дақыл егуге кірісіп жатыр. Мысалы, иелігінде 5 гектар жері бар шаруа Ш.Ділдәбеков ауыл округінде тұратын Рамазан Ходжанов 2 гектарға ақпан айында ерте пісетін орамжапырақ егіп, жуырда алған өнімін сатқан. Енді оның орнына қауын егуді жоспарлап отыр.
«Былтыр облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауданымызға жасаған жұмыс сапарында бір жерден екі рет өнім алу туралы тапсырма берген еді. Біз де екі рет өнім алуға кірісіп кеттік. Өйткені, біздің ауданымыздың климаты егіншілік үшін өте қолайлы. Оның үстіне шаруалар үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек те көп. Өзіме тиесілі жеріме қырыққабат егіп, оны жинап алдым. Әрі қарай сол жерге ерте пісетін қауын егіп жатырмын»,- дейді Рамазан Ходжахметұлы.
Айта кетейік, жалпы Жетісай ауданы бойынша биыл 11361 гектар аумаққа ерте пісетін қауын мен қарбыз егілген.