Шығыс Қазақстан облысында прокуратураның үйлестіруімен Экономикалық тергеу қызметі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.
Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қылмыстық топ контрагент сатып алушылардың мекен-жайына жалған есеп-шоттар рәсімдеумен айналысып, 1,5 млрд теңгенің салығынан жалтаруды мақсат еткен. Жалған кәсіпорындардың тіркелген жері мен фигуранттардың мекенжайы бойынша тінту жүргізіліп, бухгалтерлік құжаттар мен мөрлер, компьютерлер мен криптокілттер тәркіленді. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды», – дейді комитеттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, былтыр Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен осындай қылмыс жасап, мемлекетке 4 млрд теңгеден астам шығын келтірген екі қылмыстық топ әртүрлі мерзімге сотталған болатын.