Қай кәсіпорынның жұмысы жанданды?
Қай кәсіпорынның жұмысы жанданды?
232
оқылды
Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, біраз елді мекен карантинге жабылды. Кеше Алматы мен астанада бірнеше кәсіпорынға  жұмысын жандандыруға рұқсат етілді. Бұл мекемелер санитарлық-эпидемио­логиялық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Дегенмен бір ұйым өз жұмысын бастаса, екіншісі – уақытша тоқтап тұр. Кей жерлерде заң бұзушылық та тіркелуде. Мемлекеттік комиссия 20 сә­­уірден бастап қатаң санитар­лық-эпидемиологиялық шара­ларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан қаласында: өнеркәсіптік кәсіп­орындар; құрылыс және жол-құ­рылыс салаларының ком­пания­лары, ірі құрылыс дүкен­дері, көлік, қоймалау салаларын­дағы компаниялар, ауыл шаруа­шы­лығы мақсатындағы сер­вистік компаниялар, автоса­лон­дар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыс­тыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кең­се техни­касын жөндеу, екін­ші деңгейлі банктер сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін штат санының 50%-ын шек­теумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша, қо­ғамдық тамақтану нысанда­ры­ның жұмы­сы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22.00-ге дейін жұмыс іс­теуге рұқсат берді. Алматы қала­сында: өнеркәсіптік кәсіпорын­дар, құрылыс және жол-құрылыс салаларының ком­паниялары, құрылыс мате­риал­дарының ірі көтерме базарлары, нотариустер алдын ала жазылу бойынша, тек бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1) бекітілген қаулыға сәйкес жұмыс істейді.  

Қойылар талап күшейді

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіп­сіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары На­талья Дягилева: – Департамент карантин ке­зінде жұмыс істейтін меке­ме­лер­де санитарлық нормалардың сақ­талуы жөнінде арнайы қаулы қабылдады. Осыған орай Алматы әкімдігінде жұмыс тобы құрыл­ды. Алдымен арнайы жұмыс тобы жұмыс істеуге өтініш бер­ген ме­кеменің дайындығын тек­се­реді. Тек содан кейін рұқ­сат бе­ріледі. Мониторинг тобы олар­дың ке­йінгі жұмыс ба­ры­сын да бақы­лап отырады, – дейді. Сонымен қатар, қаулыға сәй­кес карантин кезінде жұмыс істейтін мекемелерге талап да күшейген. – Кәсіпорын жұмысшыларды кіргізбес бұрын тексеріп, дене температурасын өлшейді. Оның барлығын арнайы журналға тір­кеп отырады. Егер қызмет­кер­лерден жөтел, температура, ен­тігу сияқты ЖРВИ мен тұмаудың бел­гілері байқалса, олар жұмыс­қа да, үйлеріне де жіберілмейді. Бірден жедел жәрдем шақы­рылады, – дейді Дягилева. Айта кету керек, карантин уақытында белгіленген талап­тарды орындамаған мекеме жұ­мысын бірден тоқтатады.  

Абу-Даби құрылысы тоқтады

Еліміздегі ең биік ғимарат болады деген, құрылысы жыл­дарға созылып кеткен  Абу-Даби Плаза жұмысын тоқтатты. Бір­жола емес. Карантинге байла­нысты. Өйткені бұл кешенде  бір қызметкерден коронавирус табылды. Белгілі болғандай, Абу-Даби Плазаның коронавирус жұқтырған қызметкері жарты ай­дан астам уақыт жұмыста бол­маған, сондықтан да әріп­тес­терімен байланыспаған. Жақын қарым-қатынас шеңберінде бол­ған екі адам (ұйым қызметкерле­­рі емес) анықталды. Олардың бірі – стационарда, екіншісі –  үй карантинінде. Дегенмен, қыз­меткердің әріптестерімен бай­ланысқа түспегеніне және жұ­мыс орнында болмағанына қа­ра­мас­тан, жұмысты уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Ал «Астана Энергия» АҚ қыз­меткері вирус жұқтыр­ғаны­мен мекеме жұмысын жалғас­тыруда. – Әскери қызметшілермен бірге аумақ пен үй-жайларға ­дез­инфекция жұмыстары жүр­гізілді. Жақын байланыста бол­ған 11 адам (тоғызы  қызметкер) – үй ка­рантинінде. Науқастың өзі ау­руханада, дәрігерлердің ба­қы­лауында. Бұл ретте кәсіпо­рынның жұмысы қауіп-қатердің жоқты­ғына байланысты жал­ғасып жа­тыр, – дейді Нұр-Сұл­тан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы.  

 width=   Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ